Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»Медицина қызметкерлерінің флэшмобы Түркістанда да жалғасты
    Айғақ TV

    Медицина қызметкерлерінің флэшмобы Түркістанда да жалғасты

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа14.04.2020Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Түркістан облыстық медициналық жедел жәрдем стансасының қызметкерлері ұйымдастырған флэшмоб кешкі уақытта Есімхан алаңы мен орталық көшелерде өтті. Медицина қызметкерлері «Егер бізде қалғыңыз келмесе, үйде отырыңыз» деген ұранмен көліктерінде арнайы сигнал қоса жүріп, халыққа барынша түсіндірме жүргізді, — деп хабарлайды Түркістан облысы өңірлік коммуникация қызметі

    Қауіпті індетті ауыздықтап, ел амандығы үшін алаңдаған құтқару топ өкілдерінің мақсаты осылайша тұрғындардың жауапкершілігін арттыру. Шаһар тұрғындары да төтенше жағдай кезіндегі талаптардан құлағдар. Медицина қызметкерлерінің дабылына түсіністікпен қарауда. Бүкіл әлемді дүрліктірген пандемиялық індетке қарсы күрес үшін арнайы топтар жасақталған. Күні бүгінге дейін ол мамандар коронавирус инфекциясын жұқтырған 32 науқасты тасымалдаған.
    «Бұл елдің амандығы үшін жасалынып жатқан шара. Үйден шықпай, қауіпсіздікті қадағаласақ індетті ауыздықтайтынымыз сөзсіз. Сол себепті бүгін әріптестерімізбен бірге қала тұрғындарына түсіндіру шарасын өткізуді жөн көрдік»,-дейді Түркістан облыстық жедел медициналық жәрдем стансасы бас дәрігерінің методикалық ұйымдастыру ісі бойынша орынбасары Тахир Абдиев.
    Жалпы облыс бойынша 200-ге жуық медициналық жедел жәрдем бригадасы қызмет көрседі. Әр бір шақырту мамандар үшін қарусыз майданның шешуші сәті. Дер кезінде көмекке жетіп, адам өміріне араша түсу ақ халатты абзал жандардың адал борышы. Өз өмірлерін тәуекелге буып жүрген бүгінгі күннің батырлары қауіпті індетпен күресті тоқтатпақ емес.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.