Елімізде енгізілген төтенше жағдайларға байланысты үшінші мегаполис аумағында қолға алынған уақытша шектеулерге орай, жабылған бекеттердің бірі — Ақтас. Ол Шымкент-Ташкент автожолының бойында орналасқан. Алайда, қала әкімінің тапсырмасына сәйкес транзиттік көліктердің кіріп шығуына мүмкіндік берілген. Блок-постты қадағалап тұрған мамандардың айтуынша, таңнан бері 60-қа жуық жүк көлігі қалаға кіргізілсе, 500-ден астам жүк көлігі шыққан. Атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен «Айғақ» телеарнасының тілшісі танысып жүрген сәтте қала әкімі Мұрат Әйтенов те келіп, ондағы қызметкерлердің жағдайымен танысты. Әзірге, бекетте Шымкент қалалық Полиция Департаментінің 10 қызметкері мен 3 медицина маманы жұмыс атқаруда.
«Айғақ-Ақпарат»