Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Түркістанда елдімекендерді жұмыспен қамту қарқынды жүргізілуде
    Айғақ MEDIA

    Түркістанда елдімекендерді жұмыспен қамту қарқынды жүргізілуде

    Айғақ медиаАйғақ медиа27.03.2020275 Views

    Түркістан облысында тұрғындарды табиғи газбен қамту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жайы ерекше назарға алынған. Көзделген мақсат — АГТС-ті іске қосып, 78 елдімекенге көгілдір отын жеткізу.  Сондай-ақ, Түркістан мен Кентау қалалары мен оңтүстік аймақтарын толық газдандыру. Жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде. Атқарылып жатқан қыруар жұмыстың нәтижесінде әзірге 40 елдімекен табиғи газбен толық қамтылған. Бұл облыс халқының 50%-ға жуығы ғана. Аппарат жиынында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев барлық аудан әкімдеріне маңызды мәселені мықтап қолға алуды тапсырды, — деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

    Түркістан облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Игорь Алексеев баяндама жасап, атқарылған жұмыстарды ортаға салды. Қазіргі таңда 38 елдімекенге көгілдір отын тарту жұмыстары кезең-кезеңімен жоспар бойынша атқарылуда. «Қызылжар», «Жаңақоғам», «Қызыләскер», «Ескі Иқан», «Таскескен», «Жібек жолы», «Қақпақ» АГТС-н іске қосу жұмыстары биылға белгіленген. Сонымен қатар, облыс аумағындағы 262 нысанды республикалық меншікке өткізу мәселелері де шешілуде.

    Түркістан қаласында осы уақыт ішінде 7 262 абонентке газ жеткізілді. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 50%-ға арттыру көзделген. Шаһарда әлеуметтік нысандар мен кәсіпорындарды газдандыру жұмыстары қатар жүруде. 315 нысанның 23-і қоғамдық моншалар. Алдағы уақытта газдандыру мәселесіне қатысты газ-техникалық инспекция жұмысын бастайды.

    Кентау қаласында алдағы мамыр айында барлық магистральдық газ және тарату құбырлары орнатылады. Қаланы газбен қамтамасыз ету үшін «Қызыләскер» АГТС-і іске қосылады. Кентауда көпқабатты тұрғын үйлерді табиғи газбен қамтамасыз етіп, пәтерлерді жылыту қазандықтарына қосу жұмыстары қарқынды.

    Өңір басшысының тапсырмасына сәйкес, 2021-2023 жылдар арасында облыстың оңтүстік аудандары табиғи газбен толық қамтылады. Бүгінге 5 ауданға газ құбырларын жеткізу жүзеге асуда. Алда Төлеби ауданын газдандыруды 100% -ға жеткізу көзделіп отыр. Үш жылдық жоспарға сәйкес, Түркістан облысының елдімекендерін газ жүйесімен жабдықтап, табиғи газ жеткізу ісі 80% -ға дейін өседі.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.