Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Түркістандық жастар онлайн режимде тегін тіл үйренуде
    Айғақ MEDIA

    Түркістандық жастар онлайн режимде тегін тіл үйренуде

    Айғақ медиаАйғақ медиа27.03.2020754 Views

    Елімізде төтенше жағдайдың жариялануына байланысты Түркістан облыстық «Жастар ресурстық орталығы» көпшіліктің бас қосуымен өтетін іс-шараларды кейінге шегерді. Көрсетілетін қызметтерді қашықтықтан жүзеге асыру бойынша жұмыс жоспарын қабылдап, қарқынды атқаруда. Жастардың үздіксіз дамуын әрі бос уақытын тиімді пайдаланып, қашықтықтан оқуға дағды қалыптастыру мақсатында және кез-келген жағдайдың мүмкіндігі мол екенін үйрететін үздік жобаларды жастар назарына ұсынды, — деп хабарлайды Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.


    Атап айтар болсақ, әлеуметтік желі арқылы онлайн жоспар бойынша «Жастар online», «Наурыз, наурыз күн игі» атты көркемсөз оқу видео-байқауы және жаңа форматта қашықтықтан оқытатын «Қолжетімді ағылшын» жобасы іске қосылды. Қазіргі таңда ағылшын тілін тегін әрі терең меңгеру үшін 200-ге жуық жас тіркелген. Мамандардың айтуынша, тіркеу жұмыстары әлі де жалғасуда. Қоғамдық даму басқармасына қарасты «Жастар ресурстық орталығы» қолға алған жобаның аясында жастар ағылшын тілін қашықтықтан тегін үйренетін болады.
    Сондай-ақ, электронды оқулық платформасы арқылы «ҰБТ-ға дайындық бойынша шеберлік курсы» басталды. Курсқа тегін қатысып, үздік ұстаздардан дәріс алуға болады. Ниет білдірген ұстаздар үшін де онлайн режимде сабақ беруге мүмкіндіктер қарастырылуда. Алдағы уақытта «Түркістан облысы жастары оқуы қажет 100 кітап» электронды оқулық базасы, А. Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған өлең, қара сөздердің мағынасын ерекше және ауқымды талдау бойынша «Абай оқулары» және «Түркістаным – мақтанышым!» атты жазба, жас ақындардың облыстық онлайн-байқауы және басқа да ұтымды жобалар ұсынбақ.
    Бұдан басқа, COVID-19 вирусына байланысты тұрғындардың сауалдарына шұғыл жауап беру үшін, «Жастар ресурстық орталығының» қызметкерлері Call-орталығына жұмылдырылған.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.