• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Дүйсенбі, Маусым 8, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

Шымкент қаласының әкімі телевизиялық мәлімдеме жасады

27.03.2020
0

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов 28 наурызға қараған түні мегаполис тұрғындарына телевизия арқылы мәлімдеме жасады.

Өздеріңізге белгілі, бүгінгі күнге елімізде қауіпті коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 111-ге жетті.

Өкінішке орай, бүгін Нұр-Сұлтан қаласында бір науқас қайтыс болды. Жақын туыстарына көңіл айтамыз.

Өздеріңіз білетіндей, Шымкент қаласының екі тұрғыны да осы індетті жұқтырған болатын.

Қазір олар қалалық инфекциялық ауруханада емделуде, денсаулықтары – тұрақты.

Ол адамдармен байланыста болған 26 адам карантинге жатқызылып, тест-сараптамасы алынып, нәтижесі күтілуде.

Осы екі азаматтың мекен-жайы Абай ауданы «Тәуелсіздікке 20 жыл» тұрғын алабы болғандықтан, инфекцияның таралуын шектеу үшін, осы елді мекен 14 күнге карантинге жабылды.

Сонымен қатар, қаладағы авто-вокзалдар мен бекеттердің және бала-бақшалардың жұмысы уақытша тоқтатылды.

 Инфекцияның таралуына жол бермеу үшін, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекеттік комиссияның келісіміне сәйкес, Шымкент қаласында 28-ші наурызда түнгі сағат 12-ден бастап, келесі қосымша шектеу шаралары енгізілетін болады:

Бірінші. Шымкент қаласы әуежайының, теміржол вокзалының жұмыстары, авиа және теміржол  қатынастары толық тоқтатылады.

Сонымен қатар, автокөлік базарлары, азық-түлік жәрмеңкелері, мобильді телефон сататын дүкендердің жұмысы тоқтатылады.

Бұл ретте, қала тұрғындары мен қонақтарына, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарға меншік түріне қарамастан барлық жайларда, тұрғын үйлерде және аумақтарда, діни нысандарда жеке, отбасылық, еске алу іс-шараларын және басқа да салтанаттар, жиындар өткізуге қатаң тыйым салынады.

Барлық сауда нысандарына өз тауарлары мен қызметтерін сатуда онлайн режимге көшуді үсынамын.

Екінші. Бұған дейін қызметіне шектеу енгізілген барлық сауда және басқа да нысандарда,  келушілер мен сатушылар үшін медициналық бетперделерді киюді талап ететін санитарлық және дезинфекциялық шаралар күшейтіледі.

Сонымен қатар, мал базарлары тек жексенбі күні сағат  11-ден 17-ге дейін жұмыс істейтін болады.

Үшінші.  Қоғамдық тамақтану орындарының (кафе, мейрамхана және тағы басқалар) қызметіне сағат 10-нан 18-ге дейін шектеу енгізіледі.

Ал, сағат 18-ден 22-ге дейін қоғамдық тамақтану орындарының жұмысын «тағамдарды үйге жеткізу және өзімен алып кету» режимінде жүзеге асырылады.

Сондай-ақ, тамақтану орындары кіреберісте клиенттердің температурасын бақылауға және қолдарын санитарлық өңдеуге міндетті.

Клиенттерді «келушілер арасында бір бос үстел қашықтығы» форматы бойынша, залда 50 адамнан аспай отырғызуға міндетті.

Төртінші. Шымкент қаласының аумағына сағат кешкі 21-ден таңғы сағат 7-ге дейін автокөліктер мен азаматтардың кіруіне және шығуына тыйым салынады.

Бұл, транзиттік көліктері мен азық-түлік тасымалдайтын көліктерге қатысы жоқ.

Бесінші: Қаладағы қоғамдық көліктің жұмысы сағат 6-дан 21-ге дейін шектеледі.

 Құрметті жерлестер, осы шаралар сіздердің қауіпсіздіктеріңіз үшін қабылданып отыр.

Сондықтан, осы сын сағатта, түсіністік білдіріп,  бір-бірімізді сақтауға шақырамын.

Өздеріңіз және жақындарыңыз, қалаға шыққан жағдайда,  бетперде киіп, антисептик қолданып, бір-бірлеріңізге көмектесіп, санитарлық тазалықты сақтап, аталған шектеулерді орындайды деген үміттемін.

Біз бірлесіп, осы қиындықты жеңеміз деп сенемін, — делінген Үндеуде

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

БАДАМ ӨЗЕНІНІҢ ЖАҒАСЫНДА ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

БАДАМ ӨЗЕНІНІҢ ЖАҒАСЫНДА ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Айғақ медиа
08.06.2026
0

Жыл басынан бері Әл-Фараби ауданында 30-ға жуық экологиялық акция ұйымдастырылды. Ал тазалық жұмыстары аптасына екі рет тұрақты түрде өткізіліп келеді....

АЗИЯНЫ МОЙЫНДАТҚАН ҚАЗАҚ БАЛУАНЫ КІМ?

АЗИЯНЫ МОЙЫНДАТҚАН ҚАЗАҚ БАЛУАНЫ КІМ?

Айғақ медиа
04.06.2026
0

Уақыттың аздығы алтын жүлдеден айырды. Осылай деген Шымкенттік жас балуан құрлықтық додада қарсыластарына оңайлықпен жол берген жоқ. Вьетнамның Дананг қаласында...

ӘСКЕРИ ТЕХНИКАЛАР ЖАЗҒЫ РЕЖИМГЕ КӨШІРІЛУДЕ

ӘСКЕРИ ТЕХНИКАЛАР ЖАЗҒЫ РЕЖИМГЕ КӨШІРІЛУДЕ

Айғақ медиа
27.05.2026
0

Шымкент қаласындағы әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадасында әскери техникаларды жазғы пайдалану режиміне көшіру жұмыстары аяқталуға жақын. Қару-жарақ пен арнайы техникаларға...

АТА ЗАҢДА МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛҒАН БА?

АТА ЗАҢДА МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛҒАН БА?

Айғақ медиа
26.05.2026
0

1 шілдеде күшіне енетін Ата Заңда мұғалімдердің құқықтары қалай қорғалады? Жаңа Конституцияның негізгі өзгерістері қандай? Қала аумағында заңгерлер тұрғындарға түсіндіру...

ШАХМАРДАН ЕСЕНОВКЕ 100 ЖЫЛ

ШАХМАРДАН ЕСЕНОВКЕ 100 ЖЫЛ

Айғақ медиа
26.05.2026
0

Шымкентте Геология саласының майталманы Есеновты еске алды. Қазақтың көрнекті ғалымы, мемлекет және қоғам қайраткеріне биыл 100 жыл. Осыған орай өткен...

ТӘУЕЛДІЛІККЕ ТОСҚАУЫЛ

ТӘУЕЛДІЛІККЕ ТОСҚАУЫЛ

Айғақ медиа
26.05.2026
0

Нашақорлық індеті – оны жою міндеті. Жастардың зиянды затқа тәуелділігі әлі де алаңдатарлық деңгейде. Есірткі мәселесі қоғамда өзекті болып отыр....

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.