Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Лукашенко шетелге кеткен азаматтарын әкелмейтінін айтты
    Айғақ MEDIA

    Лукашенко шетелге кеткен азаматтарын әкелмейтінін айтты

    Айғақ медиаАйғақ медиа24.03.2020273 Views

    Беларусь елінде соңғы бір тәулікте коронавирусты жұқтырғандар саны он пайызға өсіп, 76 адамға жетті. Алайда үкімет әлі күнге дейін карантин жариялаған жоқ. Бұл туралы Хабар 24 телеарнасы хабарлады.

    Жеке меншік компаниялар өз бетімен қызметкерлерін қашықтан жұмыс істеу тәртібіне ауыстырып жатыр. Студенттер оқуға бойкот жариялап, сабаққа барудан бас тартпақ. Сарапшылардың пікірінше, Беларусьте карантин осы аптада жариялануы керек. Алайда билік мұндай қадамға баруға асықпай отыр.

    Осыдан 10 жыл бұрын басылымдар Беларусьті Еуропадағы соңғы диктатура деп атайтын. Алайда пандемияға байланысты бүкіл әлем қоршау орнатып жатқанда, бұл ел демократия үлгісін көрсетіп отыр. Шекаралары ашық, ірі фестивальдар мен спорт жарыстары өтіп жатыр. Ал вирус туралы әңгімені ресми деңгейде әбігерге салыну және арандатушылық деп есептейді.

    Адамдарды өздері және жақындары үшін жауапты болуға үйрететін кез келді. Егер жөтеліп немесе түшкіріп жүрсең сыртқа шықпай, өзгелерге жұқтырма. Бар мәселе осында,- Беларусь президенті.

    Александр Лукашенконың бұйрығы бойынша, мемлекеттік қауіпсіздік комитеті әлеуметтік желілерде індет туралы жалған мәліметті таратып жүргендерді іздеуге кірісті. Сондай-ақ, елден кетпеу ескертуіне құлақ аспай, шетелге барған азаматтарға қарсы қатал шара қабылданбақ.

    Біз шетелге бармауды талай рет айтқанымызбен бәрібір тыңдамайды. Ескертуімізден кейін шетелге кеткендерге чартер жібермейміз. Енді пандемия біткенше, сонда қала берсін, — дейді Беларусь президенті Александр Лукашенко.

    Ал осы кезге дейін сыртқы істер министрлігі қабылдаған шаралар арқасында екі мыңдай азамат отанына оралды. Қазір елден тыс жерде Беларусьтің бірнеше жүздеген тұрғыны бар. Министрлік өкілдерінің мәлімдеуінше, олардың бәрі жақын арада үйіне оралады.

    Ұлттық әуетасымалдаушы компанияның жоспарланған рейстерінен бас тартуға ниеті жоқ. Еуропалық Одаққа да қатынап, Беларусь азаматтарын Минске жеткізуін жалғастырады, — деді Беларусь сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Анатолий Глаз.

    Ресми статистика бойынша ауруды жұқтырғандар саны көп болмағанымен, дүкендерде ұн, макарон мен қант қалған жоқ. Қытайдан елге коронавирусты анықтайтын мыңдаған экспресс-тест жеткізілді.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.