Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Түркістандық жастар тұрғындарға медициналық бетперде таратты
    Айғақ MEDIA

    Түркістандық жастар тұрғындарға медициналық бетперде таратты

    Айғақ медиаАйғақ медиа23.03.2020448 Views

    Түркістан облыстық Жастар ресурстық орталығының ерікті жастардан құралған арнайы еріктілер тобы коронавирус пандемиясының алдын алу шараларын ұйымдастырды. Жастар қала тұрғындары мен көше бойындағы қоғамдық жұмыста жүрген қызметкерлерге, құрылыс алаңдары мен аялдамаларда тұрған көпшілік қауымға 2000-ға жуық медициналық қорғаныс бетперделері мен 10 литрге жуық антисептикалық сұйықтықтар таратты. Облыс жастары мен еріктілер, аудан, қалалардағы көмекке мұқтаж топтарға көмек көрсету жұмыстарын жалғастыруда, — деп хабарлайды Түркістан облысы Жастар ресурстық орталығының баспасөз қызметі.
    Осы орайда Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері мен ерікті жастар бірлесе отырып Кентау, Арыс қалаларындағы отбасы үлгісіндегі балалар үйі мен мектеп-интернатына барды.


    Онда короновирустың алдын алу шаралары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, балалар үйіне медициналық залалсыздандыру сұйықтықтары және тазартқыш құралдарын, сондай-ақ қорғаныс бетперделері мен дәрі-дәрумендер сияқты қазіргі жағдайда аса қажетті заттарды таратты. Сондай-ақ көмекке мұқтаж жандарға көмек көрсету жұмыстары бойынша Төлеби, Сайрам ауданы мен Шымкент қаласында орналасқан облыстық отбасы үлгісіндегі балалар үйі мен қарттар үйін, мектеп–интернаттарына да осындай қолдаулар көрсетті.
    Айта кетейік, облыс жастары мен еріктілер тарапынан қамқорлық таныту бағытындағы бұл игі іс-шаралар алдағы уақытта да облыстың барлық аумағында тұрақты түрде жалғасатын болады.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.