Базардағы жұмыстар басшылардың қадағалауында. Бүгінде базарлардың ішіне күніне екі реттен залалсыздандыру жұмысын жүргізіп, сақтық шаралары күшейген. Соған сай, «сауда орындары қадағаланып, түсіндіру жұмысы күнде жүргізіліп, барлығы өз деңгейінде атқарылып жатыр»,- дейді Абай ауданының әкімі. Бір қызығы, сатушылардың бір бөлігі санитарлық тазалық жұмыстарының жасалғанын көргеніміз жоқ десе, бірқатары бір апта бойы үзілмегендігін айтады. Кімге сенер-сенбесімізді білмей дал болдық. Ең бастысы «сақтықта қорлық жоқ» екендігін естен шығармаған абзал.Айта кетейік, Абай ауданының қарамағында 13 базар бар. Аталған сауда орындарына әкімшілік тарапынан 10 мың дана бетперде алынып, базар қызметкерлеріне тегін таратылмақ. Тек жексенбі күні жұмыс істейтін мал базарда медициналық бетперделер 200 теңгеден сатылуда. Мал базар директорының айтуынша, халық тарапынан бетперде құнына қатысты ешқандай арыз-шағым түсіп жатқан жоқ көрінеді.