Тамыры тереңге бойлаған Әз-Наурыз — дана халқымызда қай кезде де еңсесі биік елдіктің, іргесі сөгілмес бірліктің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі болып келген. Қазақстан халқы үшін Наурыз мейрамы – көктем мен жаңаруды айшықтайтын мерейі тасыған ұлы мереке. Өткенді саралап, болашағымызды болжайтын ерекше кезең. Ақ ниетпен өткенге салауат айтып, ақ тілекпен қарсы алайық! Отанымызға – береке, халқымызға – игілік, мемлекетімізге – молшылық, әр шаңыраққа бақыт пен шаттық тілеймін. Еліміз өркен жайып, Ұлыстың Ұлы күні баршамызға ынтымақ пен сәттілік алып келсін!
Ізгі ниетпен, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Бекасыл Төлендиев