Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен Сайрам аудандық полиция басқармасының бастығы болып полиция полковнигі Бауыржан Зиятаев тағайындалды.
Түркістан облысы ПД-нің бастығы полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков, Сайрам ауданы ПБ-ның жеке құрамына жаңа бастықты таныстырып, жұмысына табыс тіледі.
Полиция полковнигі Бауыржан Зиятаев Ішкі істер органдарында 1994 жылдан бері қызмет атқарады. Қ. А. Яссауи атындағы ХҚТУ-нің түлегі. Мамандығы — заңгер. Жедел-тергеу бөлімдерінде үлкен жұмыс тәжірибесі бар полицей. ОҚО ІІД Анықтау басқармасы және Қазығұрт аудандық полиция басқармасын басқарған. Одан кейін Түркістан облысы ПД Тергеу басқармасы бастығының орынбасары қызметтерін атқарған.
Полиция полковнигі Б.Зиятаев тәжірибелі және кәсіби басшылардың бірі . ҚР ІІМ медальдары және грамоталарымен марапатталған.