Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Түркістан облысында пандемияға қарсы қауіпсіздік шаралары жүзеге асуда
    Айғақ MEDIA

    Түркістан облысында пандемияға қарсы қауіпсіздік шаралары жүзеге асуда

    Айғақ медиаАйғақ медиа16.03.2020251 Views

    ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялауына байланысты азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының барлық аумағында төтенше жағдай жариялады. 

    Бұл ретте Түркістан облысының әкім Өмірзақ Шөкеев ҚР Президентінің Жарлығын жүзеге асыру бойынша қаулы қабылдап, бірқатар шараларды жүзеге асыруды тапсырды, — деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

    Атап айтқанда, облыс аумағында инфекцияның таралуына жол бермеу үшін жоғары деңгейдегі дайындық режимі енгізілді. Барлық жұмыс орындарында қызметкерлердің дене температурасын өлшей отырып, қызуы көтерілген жағдайда, міндетті түрде жұмыстан шеттетіледі. Жергілікті жерлерде ірі сауда орындары мен ойын-сауық орталықтары, кинотеатр, театр және өзге де адам көп шоғырланатын орындар қызметтерін тоқтатпақ.

    Сондай-ақ, өңір басшысының тапсырмасы бойынша мерекелік, спорттық, мәдени іс-шаралармен қатар, отбасылық тойлар мен қонақасы өткізуге тыйым салынады. Әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын санитайзерлермен және антисептиктермен қамтамасыз ету, коронавирустың алдын алу жөніндегі жадынама тарату жұмыстары жүргізіледі. 

    Қаулыға сәйкес, мемлекеттік қорғауға алынған және халықтың күнкөрісі мен көліктердің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін нысандарды қорғауды күшейту, адам көп жиналатын еске алу шараларын шектеу жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізу, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру ісі де облыс әкімінің назарында болады.  

    Барлық медициналық ұйымдарға коронавирусқа қарсы шараларды күшейту тапсырылды. Қоғамдық көліктер әр айналымдағы соңғы аялдамада дезинфекциялық құралдармен жуылып, олардың жүргізушілері антисептиктер мен тыныс алу органдарын қорғайтын құралдармен қамтамасыз етілуі тиіс.

                                                                                                                      

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.