Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Түркістан: Елдегі төтенше жағдайға орай уақытша шектеулер енгізілді
    Айғақ MEDIA

    Түркістан: Елдегі төтенше жағдайға орай уақытша шектеулер енгізілді

    Айғақ медиаАйғақ медиа16.03.2020264 Views

    Түркістан облысында коронавирус инфекциясының таралуына қарсы күрес үшін алдын алу шаралары күшейтілді. Өңірдегі барлық мемлекеттік мекемелерде өтетін жиналыстарға қатысушылар саны шектеулі болуы шарт әрі олардың басым бөлігі онлайн режимге көшеді. Бұл туралы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев апталық лездеме отырысында мәлімдеді, — деп Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

    «ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев COVID-19 коронавирусының пандемия деп жариялауына байланысты елімізде төтенше жағдай жариялағаны белгілі. Кешенді шаралар халықтың өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған. Қазіргі жағдай еліміз үшін сын да сынақ та. Бізге темірдей тәртіп керек. Түркістан облысы халық саны жағынан көп шоғырланған өңір болғандықтан қауіп те еселей түседі. Біраз нәрсе әр азаматтың жеке жауапкершілігіне байланысты болып тұр. Дүрбелең мен шу ешкімге ештеңе бермеді, қайта керісінше жалпы жағдайды ушықтыра түсуі мүмкін. Сол себептен бұл жағдайды қабылдап, ел болып жұмылып, тосыннан келген індеттің бетін қайтару үшін белгіленген ережелерді бұлжытпай орындау керек», – деді облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев.

    ҚР Президентінің Жарлығын іске асыру мақсатында өңірде пандемияға қарсы кешенді қауіпсіздік шаралары жүзеге асуда. Облыс әкімінің қаулысына сәйкес, Түркістан облысының аумағында уақытша шектеулер енгізілді. Атап айтқанда, мектептен тыс қосымша білім беру мекемелері — оқушылар сарайлары, аула клубтары, үйірмелер, компьютерлік клубтар уақытша жабылады. Коронавирус қаупіне қатысты думанды шараларға қатаң тыйым салынды. Өмірзақ Естайұлы мерекелік, спорттық, мәдени іс-шаралармен қатар, отбасылық тойлар мен адам көп жиналатын еске алу шаралары орын алған жағдайда әкімдер тікелей жауап беретінін ескертті.

    Сондай-ақ, өңір басшысының тапсырмасы бойынша облыстағы барлық ірі сауда нысандары мен базарларда санитарлық қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, жұмыс уақыты шектеледі. Кафе мен мейрамханалар қысқартылған жұмыс режиміне көшіп, келушілер санын 50 адамнан асырмауы тиіс. Карантин режимін сақтау, медициналық тексеруден және емдеуден жалтарған не эпидемиологиялық жағдайды анықтау үшін маңызды мәліметтерді жасырған азаматтарға қатысты бақылау күшейтілді. Нан-тоқаш және кондитерлік өнімдер міндетті түрде қаптамада сатылуы тиіс.

    Өңірдегі барлық медициналық және медициналық-әлеуметтік мекемелерге, әсіресе қарттар мен мүгедектер және балалар үйлерінде карантин жарияланды. Қоғамдық орындарда, мекемелерде, қоғамдық көліктерде жүйелі түрде санитарлық-эпидемияға қарсы іс-шаралар жүзеге асады.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.