Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Шымкентте төтенше жағдай кезінде нысандар қалай жұмыс істейтіндігі белгілі болды
    Айғақ MEDIA

    Шымкентте төтенше жағдай кезінде нысандар қалай жұмыс істейтіндігі белгілі болды

    Айғақ медиаАйғақ медиа16.03.2020374 Views

    ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялауына байланысты азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының барлық аумағында төтенше жағдай жариялады. 

    Бұл ретте Шымкент қаласының әкімдігі ҚР Президентінің Жарлығын жүзеге асыру бойынша арнайы дайындық жұмыстарын жүзеге асыруды бастап кетті, — деп хабарлайды Шымкент қаласының ішкі саясат және дін істер басқармасынан.

    Шымкентте төтенше жағдай кезінде нысандар қалай жұмыс істейді:

    • ірі сауда объектілерінің, сауда, ойын-сауық орталықтарының жұмыс істеу уақыты сағат 10:00- ден 18:00- ге дейін шектелген ( азық- түлік дүкендері мен супермаркеттерді қоспағанда));

    • азық-түлік дүкендері, азық- түлік супермаркеттері мен азық- түлік базарлары санитарлық және дезинфекциялық шараларды күшейте отырып, әдеттегі режимде жұмыс істейді;

    • киім-кешек базарларының жұмысы сағат 11:00- ден 17:00-ге дейін шектелді. Барлық сауда объектілерінде санитарлық-эпидемияға қарсы іс- шараларды тұрақты жүргізілуі тиіс. Қоғамдық тамақтану орындарында, оның ішінде СОО фуд-корттарында дезинфекция жүргізілетін болады;

    • азық- түлік қауіпсіздігі шараларын тиімді іске асыру , оның ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына үздіксіз жеткізу және бағаны тұрақтандыру қамтамасыз етіледі;

    • қоғамдық көлік соңғы аялдама пункттерінде және жуу орындарында автобустарға дезинфекция жүргізу арқылы бұрынғы режимде жұмыс істейді;

    • балабақшалар медициналық және санитарлық бақылауды күшейте отырып, әдеттегі режимде жұмыс істейтін болады;

    • мектептен тыс қосымша білім беру объектілерінің ( оқушылар сарайы, аула клубтары, үйірмелер, секциялар, компьютерлік клубтар) қызметі тоқтатылды, сондай-ақ барлық спорт нысандары жабылды. Оқу-жаттығу жиындары, спорт түрлері бойынша жаттығулар, барлық деңгейдегі жарыстар тоқтатылды;

    • ойын-сауық, спорттық (көрермендердің қатысуынсыз өткізілетіндерді қоспағанда) және басқа да бұқаралық іс- шараларды, сондай-ақ отбасылық, еске алу іс-шараларын өткізуге тыйым салынады;

    • кинотеатрлардың, театрлардың, көрмелердің және көңіл көтеру орындарының (түнгі клубтар, караоке, барлар, компьютерлік клубтар, фитнес-орталықтар, жаттығу залдары, бассейндер, моншалар) және адамдар көп жиналатын басқа да объектілердің қызметі тоқтатылды;

    • мейрамханалардың, дәмханалардың және өзге де қоғамдық тамақтану орындарының жұмыс уақыты 22:00-ге дейін шектелген, бұл ретте бір жолғы адамдардың саны 50 адамға дейін шектеу;

    • кафеде, мейрамханаларда кальян (қорқор) пайдалануға тыйым салынады;

    • ұйымдарға қызметкерлерді қашықтан жұмыс істеу режиміне аудару ұсынылған.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.