Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Түркістанда ситуациялық орталық өз жұмысын бастады
    Айғақ MEDIA

    Түркістанда ситуациялық орталық өз жұмысын бастады

    Айғақ медиаАйғақ медиа16.03.2020576 Views

    Түркістан облысы әкімдігі тарапынан облыс аумағында инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша барлық қажетті медициналық, профилактикалық және ұйымдастыру шаралары қабылданды. Арнайы ситуациялық орталық құрылып, штаб өз жұмысын бастады. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов мәлімдеді.


    ҚР Президентінің Жарлығын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленіп, төтенше жағдай кезінде облыс аумағында бірнеше шаралар жүзеге асады, — деп хабарлайды Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
    «Санитарлық қауіпсіздік шараларын күшейте отырып, ірі сауда орындарының жұмыс кестесі сағат 10:00 мен кешкі 18:00 аралығында болады. Нан-бөлке және кондитерлік өнімдер тек ораулы күйде сатылуы қажет. Киім-кешек базарлары сағат 11.00-17:00 аралығында жұмыс істейді. Дәмханалар мен мейрамханалар жұмыс уақыты кешкі 22:00-ге дейін шектеліп, келушілер саны 50 адамнан аспауы қажет. Спорттық іс-шаралар көрерменсіз өтеді. Ауқымды отбасылық салтанатты іс-шаралар мен еске алу салттарын өткізуге тыйым салынады. Сауда орталықтары, кинотеатр, театр, көрме, фитнес-орталықтар мен жаттығу залдары, түнгі клубтар және адам көп жиналатын басқа да ойын-сауық орындарының қызметі тоқтатылады», — деді Сәкен Амангелдіұлы.


    Сонымен қатар, облыста мектептен тыс қосымша білім беру нысандары, аула клубтары, үйірмелер, секциялар, компьютерлік клубтар жабылады. Карантиндік режимді сақтамаған, медициналық ұйымға барып қаралудан бас тартқан азаматтарды бақылау күшейтіледі. Қоғамдық орындар мен көліктерде санитарлық іс-шаралар тұрақты жүргізіледі. Барлық емдеу және медициналық-әлеуметтік мекемелер, қарттар мен мүгедектерге арналған интернаттар мен балалар үйлеріне келуге тыйым салына отырып, карантинге жабылады.
    Сондай-ақ, брифингте облыс әкімнің орынбасары Ұлан Тәжібаев облыстық әкімдіктің ресми сайты жанынан ақпараттандыру парақшасы ашылғанын баяндады. Онда коронавирустан сақтану жолдары бойынша кеңестер, облыста індетке байланысты қолға алынған барлық шаралар және ресми ақпараттар салынатын болады. Сонымен қатар, сауда орындарының жұмыс істеу кестелері жарияланады.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.