Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов облыс әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхаметовпен бірге әкімшілік-іскерлік орталықтағы жалпы сыйымдылығы 9000 адамдық мешіттің құрылысын бақылады, — деп хабарлайды Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Мешітте жертөлемен қатар, ыстық су, жылу, жарық қарастырылады. Футбол, баскетбол, волейбол алаңшалары салынып, спортпен шұғылдануға мүмкіндік болады.
Жалпы аумағы 21 га құрайтын мешітте 200 адамдық ұлдар және 200 адамдық қыздар медресесі салынады. Жатақхана, бастырмалар мен автотұрақ және күзет те қызмет етеді.
2020 жылдың қаңтарында құрылысы басталған мешіт осы жылдың қыркүйегінде пайдалануға берілсе, медреселер мен спорттық алаңшалар толықтай 2021 жылы аяқталады деп күтілуде.