Дүниені дүрліктірген індет елімізді айналып өтпеді. Алайда аурудан аулақ болудың ең маңызды жолы – жауапкершілік. Түркістан өңірінде коронавирус жоқ! Ел болып жұмылып, бұл сынақтан да сүрінбей өтеріміз хақ. Жалпы жағдай Түркістан облысы басшылығының жіті бақылауында.
Өңірде барлық мәдени іс-шаралар тоқтатылды. Тойханалар мен ойын-сауық кешендерінің басшылығы той-жиындарды кейінге қалдыру жайлы ескертулер алды. Өңірдегі азық – түлік қоры жеткілікті. Облыс бойынша коронавирустық инфекциямен ауырған науқастарды жатқызу үшін инфекциялық стационарларда 100 төсек орын дайындалған.
Ұқсас клиникасы бар науқастарды жатқызу, диагноздарын анықтау мақсатында провизорлық стационарлар қарастырылған. Алаңдауға негіз жоқ. Бүгінге дейін облыс аумағына келушілер арасында КВИ-ға күдікті науқастар тіркелген жоқ. Елді дүрліктіріп, жалған ақпарат таратудан аулақ болайық!
Мира Муслим