Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Агро»Түркістан: министр өңірдегі каналдар мен суқоймалардың жай-күйімен танысты
    Агро

    Түркістан: министр өңірдегі каналдар мен суқоймалардың жай-күйімен танысты

    Айғақ медиаАйғақ медиа12.03.2020671 Views

    Түркістан облысына ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев жұмыс сапарымен келді. Мақсат – Сарыағаш, Келес, Жетісай, Мақтаарал, Шардара аудандары мен Арыс қаласындағы каналдар мен су арналарын, су қоймаларды тексеру, диқандардың мүддесін қорғау және осы бағыттағы өзекті мәселелерді шешу. Жуырда Түркістан облысына «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек арнайы келіп, тұрғындар тарапынан су мәселесіне байланысты өтініштері мен шағымдарын тыңдаған болатын. Министрдің бұл іссапарында сол мәселелер де арнайы зерделенді. Министрмен бірге Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ұлан Тәжібаев пен «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсенбай Тәжібаев та облыс аумағындағы су шаруашылығы нысандарын аралады.


    Министр алдымен Сарыағаш ауданында болды. Бұған дейін аудан тұрғындары «Nur Otan» партиясына шағымданып, «Ханым» және «Ащынау» каналдарын механикалық тазалаудан өткізу, бетондау жұмыстарын жүргізіп қалыпқа келтірді сұраған болатын.
    Сарыағаш ауданындағы Ханым каналының ұзындығы – 126 шақырым, Жібек жолы, Жемісті, Дербісек, Ақжар және Қызылжар ауылдық округтеріндегі 7620 га көлеміндегі егістікті ағын сумен қамтамасыз етеді. Бүгінгі таңда каналды қамыс басып, гидротехникалық құрылғылардың тозығы жеткендіктен техникалық жағдайы нашарлап, су өткізу қабілеті 50 пайызға төмендеген. 1200 га жуық егістік жерге су жетпей, шаруалар қиындыққа тап болды. Каналдың 15 шақырым бөлігін күрделі жөндеуден өткізу (бетонмен қаптау) және 111 шақырым бөлігін ағымдағы жөндеуден (механикалық тазалаудан) өткізу қажет. Сондай-ақ 73 дана гидротехникалық құрылғыларын жөндеу қажет.


    Ал 25,4 шақырымды құрайтын Ащынау мемлекетаралық каналы Жарты төбе ауылдық округінің 1931 га егістігін ағын сумен қамтамасыз етеді. 300 га егістікке ағын су жетпейді. Каналдың 10 шақырым бөлігін бетонмен қаптау және 15,4 шақырым бөлігін ағымдағы жөндеуден өткізе отырып, 31 дана гидротехникалық құрылғысын жөндеу қажет екендігі анықталып отыр. Сонымен бірге суды орта жолдан заңсыз алатындардың әрекеті де сынға алынды.
    Кездесу барысында тұрғындар мен диқандардың өтінішін тыңдаған Мағзұм Маратұлы бұл түйткілді мәселені шешу үшін арнайы шешімдер қабылдайтынын жеткізді. Министрдің тапсырмасына сәйкес тиісті жұмыс тобы құрылып, міндетін орындауды бастап кетті.
    Іссапар барысында Сарыағаш ауданының әкімі М.Отаршиев пен Келес ауданының әкімі А.Есбаевтың су шаруашылығына қатысты уәждерін тыңдаған министр Алпамыс батыр округіндегі су мәселесі шешілетінін мәлімдеді.


    Министр Келес ауданы аумағынан өтетін Өзбекстан Республикасына тиесілі Солтүстік Ташкент каналының (СТК) бүгінгі жағдайымен танысты. Каналдың 20 шақырымы Келес ауданы аумағынан өтіп, 2922 га суармалы жерді ағын сумен қамтамасыз етеді. Аталған канал Өзбекстанның меншігінде болуына байланысты бюджет есебінен бері механикалық тазалаудан өткізуге қаржы бөлуге мүмкіндік болмай отыр. Соның салдарынан осы аймақтағы екі ауылдық округке қарасты егістік аумақтар ағын сумен толық қамтылмаған. Бұл мәселе екі ел өкілдерінің қатысуымен келіссөзде қаралатын болды.
    Одан кейін Министр бастаған топ Жетісай ауданындағы бірнеше каналдың жұмысымен танысты. Жуырда партия төрағасының бірінші орынбасары Б.Байбек Абай ауылдық округіндегі К-30 каналының мәселесімен танысып, жауапты министрліктермен жиын өткізген болатын. 2600 диқанның күнкөрісі таразыда тұрған бұл түйткіл Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің де бақылауына алынды. Осы каналға арнайы келген министр М.Мырзағалиев тұрғындардың тілегі ескерілетінін мәлімдеді.


    Бұл каналды бетондауға республикалық бюджеттен 6 млрд. теңге қаралып, жұмыстар 2012 жылы басталған. Алайда 2016-2017 жылдары жөндеу жұмыстары тоқтап, 2018 жылы қайтадан жанданған. 2019 жылға дейін 3,3 млрд. теңге игерілген. Игерілмеген 2,7 млрд. теңге мердігер компанияның есеп-шотында тұр. Бұл компанияны жұмысын сапасыз орындағаны үшін Су ресурстар комитеті сотқа берген. Осындай сергелдеңнің зардабын қарапайым диқандар тартып отыр. Жауапты басшылар каналдың құрылысын 2020 жылдың соңына дейін аяқтауды межелеп отыр.
    Аудандардағы осы кездесулерде ауыз су мәселесі, су қоймаларының жай-күйі де талқыланды. Шардара су қоймасы мен Көксарай су реттегішінің жұмысы бағдарланды.

    «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.