Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Әлеумет»Өмірзақ Шөкеев құрылысы биыл бітетін нысандарды аралады
    Әлеумет

    Өмірзақ Шөкеев құрылысы биыл бітетін нысандарды аралады

    Айғақ медиаАйғақ медиа12.03.2020230 Views

    Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласындағы әкімшілік-іскерлік және рухани-мәдени орталықтарындағы құрылыс нысандарын аралады. Бұл құрылыстарды биыл толық аяқтау жоспарланған. Әкімшілік-іскерлік орталықта басқармалар үйі,  Конгресс холл, цифрлық кеңсе, аттракциондар саябағы, жабық бассейні бар спорт кешені, 7000 орындық стадион, оқушылар сарайы, департаменттер сынды 8 нысан бар.

    Ал рухани-мәдени орталықта Яссауи мұражайының, «Ұлы дала» орталығы, қолөнер шеберлері орталығын қайта жаңғырту, ғылыми-әмбебап кітапхана, драма театры, Тұңғыш Президенті саябағы, Арбаттың,  яғни 7 нысанның құрылысы жүргізілуде. Бұдан өзге, «Керуен-сарайдың» құрылысы қызу жүріп жатыр. Сондай-ақ Қ.А.Ясауи кесенесінің буферлік аумағындағы абаттандыру жұмыстары да биыл аяқталмақ.

    Өмірзақ Шөкеев бастаған жұмысшы топ аталған құрылыс алаңдарын аралап, Ұлы Жібек жолы Ұлттық қолөнершілер орталығы мен келу орталығы ғимараттарының қайта жөнделу барысын тексерді. Бірегей қолөнер бұйымдарын даярлайтын және жоғары сапалы қолөнер бұйымдарының технологиясын оқытатын ірі қолөнер орталығының құрылысы аяқталып, жаңа кешенге шеберлер жайғасуда. Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан шаһарда ашылатын орталықта мамандар ұлттық нақыштағы дүниелерін көпшілік назарына ұсынбақ.

    Аймақ басшысы Түркістан қаласына кіреберісте салынып жатқан әлемдегі озық тәжірибелерді ұштастырған еңселі мешіттің құрылыс басында болды. Сәулеті ерекше Ислам орталығының шығыстық нақышта безендіріледі. 5 мың жамағатқа лайықтандырылған жаңа ғибадат орнының жалпы аумағы — 20 000 шаршы метр. Мешітте мұсылмандық жораларды жасайтын орындар, конгресс-холл, неке сарайы, 400 орындық медресе, кітапхана, асхана салынады.

    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.