Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Әлеумет»Германияның бас консулы Түркістанға келді
    Әлеумет

    Германияның бас консулы Түркістанға келді

    Айғақ медиаАйғақ медиа12.03.2020232 Views

    Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев Германия Федеративті Республикасының бас консулы Кристиана Маркертпен кездесті. Тараптар екі жақтың сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және инвестициялық ынтымақтастығын нығайту мүмкіндіктерін, бірлескен жобаларды жүзеге асыру жолдарын талқылады. Сондай-ақ облыс басшылығы қонақтарды өңірдің экономикалық және туристік әлеуетімен таныстырды.

     «Қазір Түркістан нағыз құрылыс алаңына айналған. Көне шаһарда әлеуметтік-мәдени нысандармен қатар халықаралық әуежай, «Ұлы Жібек жолы» Ұлттық қол — өнер орталығы, конгресс-хол, «Керуен Сарай» туристік кешені, «Риксос» және «Хилтон» сынды әлемдік стандартқа сай қонақ үйлер мен басқа да ғимараттар бой көтеруде. Өңіріміздің осынау әлеуетін және Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы тығыз қарым-қатынастарды ескере отырып, біз барлық сала бойынша ынтымақтастықты дамытуға дайынбыз»,-деді облыс әкімінің орынбасары.

    Кристиана Маркерт өз кезегінде екі ел арасындағы сауда-экономикалық және мәдени байланыстарды арттыруға барынша қолдау көрсетіп, Германия елінің белді компанияларының Түркістан өңірін дамытуға бағытталған жобалаға қатысуға дайын екенін айтты. Түркістан облысында Еуроодақ елдерінің компаниялары ат салысып жатқан 8 жобаның жүзеге асуда. Олардың арасында Eni, Urbasolar сияқты танымал компаниялар бар.

    Айта кету керек, өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның Германиямен сыртқы сауда айналымы 1,4 млрд. АҚШ. долларын құраған. Елімізде неміс компанияларының қатысуымен 900- ден астам кәсіпорын жұмыс істейді. Олардың арасында Linde AG, HeidelbergCement, BASF, Knauf, Siemens, Wilo, Metro Cash and Carry, CLAAS сияқты ірі компанияларды атап өтуге болады. Соның арқасында соңғы 4 жылда екі елдің кәсіпорындары арасында 2 млрд. еуродан астам қаржының бірлескен жобалары жүзеге асырылған.

    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.