Шымкент қаласы мәслихатының кезекті алпыс екінші сессиясы өтті
Алтыншы шақырылған Шымкент қаласы мәслихатының кезекті алпыс екінші сессиясының төрағасы Н.Жаңабаев болды. Күн тәртібінде 22 мәселе қаралды.
Бұған дейін тұрақты комиссияда қаралып, талқыланған мәлелер бұл сесмияда дауысқа салынып, бекітілді.
Көтерілген 22 мәселеге тоқталып өтсек. Алғашқысы Шымкент қаласының бюджетіне енген өзгерістер. Яғни, қала қазынасындағы жұмсалмаған қаражаттар мен қосымша бөлінуі керек миллиондар мен миллиардтар айтылды. Баяндама жасаған қала әкімінің орынбасары Ербол Садыр.
Келесі мәселе — 2018-2019 жылдары Шымкент қаласы мәслихатының шешімімен бекітілген жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының орындалу барысы.
Сонымен қатар, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жағдайы және жоспарланған шаралар туралы қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов баяндама жасады. Мәслихат депутаттары қолдау білдіріп, шешім қабылдады.
Бұдан өзге де әлеуметтік, инфрақұрылым, тұрғын үй мәселелері бойынша шешімдер қабылданып, бірнеше ұсыныстар да айтылды.