Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Сарыағаш қаласының айналма жолының құрылысы қаржыландырмақ
    Айғақ MEDIA

    Сарыағаш қаласының айналма жолының құрылысы қаржыландырмақ

    Айғақ медиаАйғақ медиа11.03.20202 089 Views

    Азия даму банкі Сарыағаш қаласы айналма жолының құрылысын қаржыландырмақ ниетте, — деп хабарлайды ҚР ИИДМ Баспасөз қызметі.

    Инфрақұрылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында Түркістан облысының Сарыағаш және Келес аудандары аумағында Сарыағаш қаласы мен 36 елдімекенді айналып өтуге мүмкіндік беретін жаңа автожол салынады.  

    Азия даму банкінің өкілдері 2021 жылы іске асырыла бастайтын ауқымды жобаны зерттеуге кірісіп кетті.

    Жоба аясында «Абай-Қызыләскер» жол учаскесі салынып, «Қызыләскер-Чиназ» (Қонысбаев бекеті) жолының кіреберісі қайта жаңартылады. Ұзындығы 102 шақырымды құрайтын жаңа тасжол төрт жолағы бар І техникалық санатқа жатқызылмақ.

    Қазіргі таңда жолаушылар пайдаланып жүрген жол Сарыағаш қаласы мен Жібек жолы, Зортөбе, Дербісек, Жемісті, Қапламбек, Қызылжар, Ақниет, Қарақалпақ, Дарбаза, Дастан, Жаңаталап, Ақ үй, Еңкес, Дмитриво, Жолбасшы, Құрылыс, Абай, Ошақты, Қошқарата, Бесқұбыр, Бесқұбыр 2, Комитерн, Қызылту, Ұшқын, Жамбыл, Орджоникидзе, Мақташы, Бірлесу, Алғабас, Оңтүстік, Жиделі, Жүзімдік, Бірлік, Сарыағаш, Көгерту, Қызыләскер сияқты 36 елдімекен арқылы өтеді. Жоба жол-көлік оқиғалары санының азаюына, сондай-ақ, елді мекендердің экологиялық жағдайының жақсаруына септігін тигізеді.

    Мұнымен қоса, жаңа айналма жол Қазақстанның басқа елдермен халықаралық байланысын кеңейтуге, елдің транзиттік әлеуетін жақсартуға ықпал етпек.

    Техникалық-экономикалық негіздемеге сәйкес, жобаның алдын ала құны 159 млрд 302 млн теңгені құрайды. Жоспар бойынша жолды салу жұмыстарына 25 мыңнан астам жұмылдырылады. Жол 2024 жылы пайдалануға берілуі тиіс.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.