Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Түркістанда жаңа ауыз су жүйесі іске қосылды
    Айғақ MEDIA

    Түркістанда жаңа ауыз су жүйесі іске қосылды

    Айғақ медиаАйғақ медиа09.03.2020578 Views

    Түркістан қаласындағы әкімшілік-іскерлік орталығы аумағында бой көтеріп жатқан ғимараттарға сапалы ауыз су жеткізу мақсатында заманауи су қоры жүйесінің құрылысы жүргізілуде. Ондағы барлық қондырғылар отандық өнімнен жасақталып жатыр. Аймақ басшысы Өмірзақ Шөкеев жаңа су жүйесінің құрылыс жұмыстарын бақылап, жауапты мамандарға нақты тапсырмалар жүктеді. Жоспар бойынша жаңа су құбырының құрылысы алдағы маусым айында толығымен іске қосылуы тиіс, — деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

    Түркістан қаласында жүзеге асып жатқан бірқатар әлеуметтік маңызы бар жобалардың жұмысын қадағалаған облыс әкімі «Арыс-Түркістан» арнасынан бастау алатын ирригациялақ су арнасының құрылыс басында болды. Канал суынан шаһардағы саябақтар мен гүлзарлар, жол бойын жайқалтқан жасыл желек пен егістік алқаптар суарылады. Ұзындығы 3,6 шақырымға созылған су арнасы толығымен бетондалған. Айналасына аяқжолдар мен веложол төселуде. Жағалауын жарықтандырып, орындықтар орнату жұмыстары жалғаспақ.

    Облыс әкімі сондай-ақ жаңа «Түркістан» индустриалды аймағында орналасқан әкімшілік-тұрмыстық кешенінің ішкі және сыртқы құрылыс жұмыстарын тексерді. Әзірге құрылыстың 90 пайызы орындалған. Абаттандырылуы мен әрлеу жұмыстары бір ай көлемінде аяқталады. Жалпы, әкімшілік-тұрмыстық кешенінің бірінші қабатында көрме орталығы ашылмақ. Одан бөлек, мәжіліс залы мен «бір терезе» қағидасымен жұмыс жасайтын орталық орналасады. Ауласында салынған футбол алаңы мен теннис корты да жақын арада пайдалуға берілмек.

    Ерекше дизайнде салынған жаңа орталықта кеңсе, өндірістік алаңымен қатар Браунфилд, яғни, кәсіпорындар өздерінің құрал-жабдықтарымен келіп дайын жұмыс орындарына жайғаса алатын арнайы алаңдардың құрылысы жүргізілуде. Әлемдік тәжірибеге сай жұмыс жайлары кәсіпкерлерге жеңілдетілген жалдау ақысымен беріледі. Алғашқы Браунфилд наурыз айының соңында ашылады деп күтілуде. Екінші өндірістік ғимарат сәуір айының соңында пайдалануға берілмек. Жалпы, жыл соңына дейін Түркістан қаласында бұдан бөлек 5 Браунфилд бой көтереді.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.