Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Дулат Әбіш ғасыр жасаған әжелерді құттықтады
    Айғақ MEDIA

    Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Дулат Әбіш ғасыр жасаған әжелерді құттықтады

    Айғақ медиаАйғақ медиа07.03.2020762 Views

        Халықаралық әйелдер мерекесіне орай,  Түркістан облыстық маслихатының депутаты Дулат Әбіш ғасыр жасаған әжелерді құттықтады. Бұл жылдың кезекті шуақты күніне аман жеткен 4 отбасының қазыналарын айтулы мерекесінде ақ жаулықты сыйға тартып,  ардақты әжелердің ақ батасына кенелдік.    Ордабасы ауданы бойынша, ғасыр жасаған ата-әжелердің саны  небәрі  8 ғана. Осы жасқа дейін қоғамдағы түрлі өзгерістермен тұспа-тұс келген жандар бүгінде шөбере-шөпшектерінің қызығын көруде. 4 ұрпақтың куәсі болған әжелерді 8-наурыз мерекесіне орай,  халық қалаулысы Дулат Назарбекұлы арнайы құттықтады. Қажымұқан ауылында 1920 жылы дүниеге келген Ақсұлу Есбатырқызы бүгінде 2 ұл, 5 қыз тәрбиелеп, одан 36 немере мен 61 шөбере көріп отыр. Әлі де бақуатты әжеміз бізге деген ыстық лебізі мен батасын да берді.

        Ордабасы ауданына қарасты  ауылдарды  аралаған біздер ат басын Көктөбе елді мекеніне  бұрдық.  Қызықты болған жайт, 1 ғасырды еңсерген әженің бүгінде неменесі бар екен.  Сонымен қатар, 7 ұл, 3 қызды өсіріп, олардан 105 немере, 47  шөбере, 5 шөпшек тараған.     Қаншама жылды артқа тастап, осы күнге жету қарттар үшін оңай емес. Қайсысының болмасын денсаулығы сыр берері анық. Келесі сапарымыз  Бөген ауылында болды. Онда  Қалия Қамысбай деген әжеміз тұрады. 8 баланың анасы бүгінде, 38 немере, 92 шөбере, 3 шөпшектің қызығын көруде.   Ордабасы ауданында тұратын әжелердің  үйіне кіріп, кішкене болсын қуаныш сыйлағымыз келген «Айғақ» ұжымы үлкен кісілердің батасын алуға құштар болдық. Соңғы бағытты  Шұбарсу ауылына бұрған біздер,  мұнда Пиялай Төреқұлова есімді 101 жастағы әженің үйіне тоқтадық. 9 бала тәрбиелеген  әже 44 немере мен 59 шөбере көруде.

     

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.