Өткен жылы Шымкент қаласының әкімдігі мен «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Салымшыларының арасында даулы мәселе туындағаны белгілі. Орын алған жағдайды редакция егжей — тегжейлі зерттеп, нәтижесін оқырманға ұсынуды жөн көрдік.
Жоғарыда аталған екі тараптың арасында, 2019 жылы қыркүйектің 23-ші жұлдызында, «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында Ынтымақтастық туралы келісім жасалған болатын, яғни, Келісім ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 22 маусымдағы №372 қаулысымен бекітілген Бағдарламаның талаптарына және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 31 шілдедегі №540 бұйрығымен бекітілген «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде салынған және (немесе) жеке құрылыс салушылардан сатып алынған тұрғын үйлерді сату қағидаларына сәйкес жасалды.
Келісімнің шарттарында: «Тараптар өз күш – жігерін, Әкімдіктің: кредиттік тұрғын үй салуды ұйымдастыруға және (немесе) жүзеге асыруға және Банктің: Бағдарлама шеңберінде, Объектіде кредиттік тұрғын үй сатып алу үшін салымшыларға несие беруіне біріктіретіндігі»- көзделген.
Жоғарыдағы көрсетілген жайттарды негізге ала отырып, Әкімдік: «кредиттік тұрғын үй құрылысы» бағыты бойынша тұрғын үйлер, яғни №7-8,13,14 объектілерді салуды жүзеге асыратынын, ал Банк: Бағдарлама шеңберінде, объектідегі кредиттік тұрғын үйлерді сатып алу үшін салымшыларға несие беруді жүзеге асыратыны,- толықтай түсінікті болды.
Яғни, аталмыш Келісімнің аясында, Шымкент қаласының әкімдігі жоғарыда аталған тұрғын үйлерден 240 пәтер тапсыратындығы, ал Банк сату-сатып алу келісім шартын түзу үшін, сатып алушылардың тізімін беруіне міндеттелетіндігі нақты көрсетілген.
Банк өз тарапынан, 17.10.20107 ж.-дан 03.11. 2019ж. дейінгі аралықта Келісімнің шарттарын орындау шеңберінде салымшы-қатысушыларға Бағдарламаға қатысуы жайында хабарландыру беріп, нәтижесінде, өз төлемқабілеттілігін растап, конкурстан өткен 176 азамат анықталды.
Іске асырылатын тұрғын үйлерді тарату жөніндегі қортындысына сай, Банк тарапынан, №7, 8, 13, 14 тұрғын үйлерді сатып алушылар тізімі, Шымкент қаласының әкімдігіне, сату-сатып алу келісім шартын жасау үшін жолданды.
Шымкент қаласының әкімдігі, Банктің Салымшыларына берілуі жоспарланған несиелік тұрғын үй объектілерінен, жұмыс істейтін жастарға арналған жолдамамен, сатып алу құқығынсыз қайта бөлу туралы жаңа шешім қабылдағаны жайлы жазбаша хабарлады, яғни, бұл кезде, «Нұрлы жер» мемелекеттік бағдарламасы мен Келісім аясында нақтыланған барлық іс-шаралар, Банкпен толықтай атқарылған болатын.
Аталмыш күрделі мәселелер бойынша, өз салымшыларын тұрғын үймен қамту үшін Банк тарапынан бірнеше хаттары мен жұмыс істейтін жастар үшін жасалған ұсыныстары, Әкімдікке жолданды. Даулы мәселені шешу үшін жасалған келіссөздерден соң, салымшылар үшін берілген — №7, 8, 13, 14 тұрғын үйлерді 376 пәтерлі №5-6 және №№1, 2, 3, 4 тұрғын үйлермен ауыстыратындығы жайлы, Әкімдік шешім қабылдады.
Салымшылар тарапынан, аталған Әкімдікпен қабылданған шешімнің күрделеніп кетуіне байланысты, Банк филиалының басшылығы өз ғимаратында бірнеше жиналыс өткізді және қала әкімдігінде, Әкім мен жауапты өкілдерінің қатысуымен, осы мәселені, халық алдында, талқылау үшін, басқосу ұйымдастырылды.
Қазіргі таңда, Банк филиалы тарапынан, Салымшыларды бұрынғы таратылған пәтерлерді ауыстыру жайындағы Әкімдік ұсынысымен хабарландырып, түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Филиалмен, аталмыш мәселе бойынша жүргізілген жұмыстар нәтижесінде, конкурстан өткен салымшылардың 90 пайызынан астамы, Әкімдікпен ұсынылған жаңа тұрғын үйлердегі пәтерлерге ауыстыруға өз келісімдерін берді.
Сонымен қатар, Банкпен, алдағы кезеңде, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарлама аясында іске асырылатын тұрғын үйлер жайлы түзілетін Ынтымақтастық туралы келісімдер үшін, Шымкент қаласының әкімдігімен келіссөздер жүргізілді.
Банк филиалымен атқарылған жұмыстар нәтижесінде, Шымкент қаласының әкімдігімен қала халқының баспана тапшылығын жою мақсатында, тұрғын үй қажеттілігінің өзектілігі жайлы мәселелер нақтыланып, іске асырылып жатқан құрылыс нысандарын, тұрғын үй жинақ жүйесі арқылы өткізуі туралы ауызша келісімдер жасалды.
Бұл өз кезегінде, филиал басшысы Құдайберген Сейітмамбетовтің саладағы сауаттылығының нәтижесімен іске асырылғандығын да айта кеткен жөн.
Аталмыш Келіссөздер аясында, 2020 жылдың аяғына дейін Банк филиалының басшылығына, Шымкент қаласының әкімдігі, қазіргі таңда, қала аумағында, ЖАО-ның кезегінде тұрған азаматтар мен Банк салымшыларының тұрғын үй қажеттелігін өтеу мақсатында, 2000 шамасында пәтерлер құрылысының аяқталып, пайдалануға тапсырылатындығы және «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ арқылы іске асыратылатындығы туралы мәлімдеді.