Шымкент қаласы А.Байтұрсынов көшесін көріктендіру мақсатында 200 дана ағаш көшетін отырғызу жоспарланып, бүгінгі таңда 170-ге жуық көшет егілді.
Қаламыздың көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында қазірде осы көшеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жұмыс барысында, жолдың жүріс бөлігіне асфальт-бетон қабаты жаңадан төселіп, жаяу жүргіншілер жолы мен велосипедшілер жолағы салынады.
Құрылысты мердігер компания «Отырабат-Құрылыс» ЖШС жүргізуде. Сондай-ақ, ирригациялық лотоктар мен жиек тастарды ауыстыру, аялдама павильондарын орнату да жоспарланған.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі