Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Әлеумет»Су басу қаупі төніп тұрған жолдардың 400-ден астам учаскесі ерекше бақылауға алынды
    Әлеумет

    Су басу қаупі төніп тұрған жолдардың 400-ден астам учаскесі ерекше бақылауға алынды

    Айғақ медиаАйғақ медиа03.03.2020238 Views

    Су басу қаупін уақытылы алдын алу және жою мақсатында ҚР ИИДМ автомобиль жолдарын көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындау шараларын жүргізіп жатыр. Қазіргі таңда Автомобиль жолдары комитетінің бақылауына су басу қаупі төніп тұрған 464 жол учаскесі, 66 көпір мен 852 су өткізгіш құбыр алынған.

    Жол қызметтері тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырып, автожолдар мен жол құрылыстарына күн сайын патрульдеу жүргізеді. Су тасқыны кезеңінде жұмыстарды уақытылы ұйымдастыру үшін жанар-жағар майдың 644 тоннасы, құмның 8,1 мың, тастың 6,8 мың, қиыршық тастың 17,2 мың текше метрі, 45,5 мың дана қап, 25 дана темір-бетонды құбыр дайындалды. Жалпы дайындық 90% құрайды. Су өткізгіш құбырларды және көпір арналарын қардан тазалау жұмыстары басталып кетті. Су басу қаупі төніп тұрған нысандарда жол-пайдалану техникасының 883 бірлігі бекітілген.

    Еске салайық, өткен жылғы су тасқыны кезеңінде республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының қозғалыс бөлігі су астында қалуының 38 оқиғасы тіркелген болатын. Мұндай оқиғалардың саны бойынша Қарағанды облысы көш бастады. Өңірдегі жолдардың су астында қалуы бойынша 26 оқиға тіркелген-ді. Ақмола облысында жол учаскелерін су басудың 7, Шығыс Қазақстан мен Павлодар облыстарында – 2, Солтүстік Қазақстан облысында – 1 оқиғасы орын алған. Осының салдарынан жол жиектері, жасанды құрылыстар шамалы бұзылған болатын. Келтірілген залалдың жалпы сомасы 90,3 млн теңгені құрайды. Су тасқыны салдарынан болған олқылықтарды жол қызметтері дер кезінде жойды.

    ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.