• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Маусым 7, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Әлеумет

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде мемлекеттік қызметтегі үстеме жұмыстарды жою мәселелері талқыланды

03.03.2020
0

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде 2020 жылдағы Әдеп жөніндегі комиссияның бірінші отырысы өтті.
Әдеп жөніндегі комиссиясының құрамына МҚІА төрағасының орынбасары Дархан Жазықбаев, ҚР Парламентінің депутаттары Нұртөре Жүсіп және Снежанна Имашева, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Бектенов, Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары Юсуп Келигов, Мемлекеттік қызметкерлердің салалық кәсіподағының төрағасы Мирболат Жақыпов, блогерлер Олжас Беркінбаев және Яков Федоров, ҚазГЗУ доценті Бибігүл Нұрашева, қоғам қайраткері, «Ұлы дала қырандары» республикалық қоғамдық мәдени-әлеуметтік қозғалысының төрағасы Сәдібек Түгел кіреді.
Отырысқа ұлттық экономика, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, қаржы, цифрлық даму, инновациялар мен аэроғарыш өнеркәсібі, индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрліктерінің жауапты хатшылары мен кадр қызметінің басшылары қатысты.
Күн тәртібіне сәйкес Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі Көлік комитетінің конкурстық комиссиясының мүшелеріне қатысты тәртіптік істер қаралды, бірқатар министрліктер қызметкерлерінің үстеме жұмыс жасау, демалыс және мейрам күндері жұмысқа шығу бойынша тіркелген деректер туралы ақпарат тыңдалды.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп мемлекеттік қызметшілердің үстеме жұмысқа тарту деректерін қысқартуға бағытталған шаралар қабылдады. Аталған шаралар үстеме жұмысты жалпы 2,7 есеге қысқартуға мүмкіндік берді (2018 жылғы мәліметтермен салыстырғанда).
«Президент Әкімшілігі және Премьер-Министр Кеңсесімен үстеме жұмыстарға жол бермеу және мемлекеттік қызметте икемді жұмыс кестесін енгізудің мақсаттылығын қарастыру бойынша пәрменді шаралар қабылдау тапсырылды. Біз отырысқа мемлекеттік органдардың жауапты тұлғаларын шақырдық және бірлескен күш жігермен тапсырманы сапалы орындау үшін жүйелі шаралар қабылдай аламыз, оң нәтижелерге қол жеткіземіз және оны ұзақ уақытқа бекітеміз деп үміттенеміз», — деп атап өтті МҚІА төрағасының орынбасары Дархан Жазықбаев.
Әдеп жөніндегі комиссияның отырысында Агенттіктің Әдептік құқық бұзушылықтың профилактикасы басқармасының бас консультанты Айнұр Еңсегенова мемлекеттік органдардың жұмысын талдау мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызметшілердің жұмыстан кейін негізсіз қалуы, сондай-ақ демалыс және мереке күндері жұмыс істеуіне алып келетін жүйелі проблемаларды көрсеткенін атап өтті.
Бұл қызметшінің жұмысына қарай жүктемені бөлу, уақытты тиімсіз пайдалануы және басшылардың орындалу мерзімі негізсіз қысқа тапсырмалардың болу мәселелері. Сонымен бірге, мемлекеттік органдардың ішінде кадрларды кейіннен ауыстыра отырып жиі қайта ұйымдастыру мәселелері мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері арасында жүктемені тиімді бөлуге теріс әсер етеді.
Отырыста мемлекеттік қызметтегі ішкі процестерді жетілдірмей және қағазбастылықты жоймай қызметшілердің үстеме жұмыс жасауын қысқарту бойынша техникалық шаралар қабылдау артық жұмыс жасауды жоюды күрделендіретіндігін аталып өтті.
Агенттік Әдеп жөніндегі уәкілдермен бірлесе отырып, СКУД мәліметтеріне талдау және мемлекеттік қызметшілерге анонимдік сауалнама жүргізу, сондай-ақ икемді жұмыс кестесін енгізу барысын жоспарлап отыр. Мониторинг және талдау бойынша жүргізілген жұмыстың нәтижелері жүйелі негізде Әдеп жөніндегі комиссия алаңында қаралатын болады.
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексте үстеме жұмысқа, мереке және демалыс күндеріндегі жұмысқа ақы төлеу, сондай-ақ түнгі уақыттағы еңбекке ақы төлеу жөніндегі еңбек заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін айыппұл түрінде лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі қарастырылғанын атап өткен жөн.
Отырыс соңында комиссия мүшелері министрліктердің басшылығына мемлекеттік қызметшілердіжұмыс уақытын тиімді бөлудің негіздеріне және прогрессивті тәжірибелеріне оқыту қажеттілігі, мемлекеттік органдардың қызметіне функционалдық талдау жүргізу және осы талдау негізінде мемлекеттік қызметтегі процестерді оңтайландыру, соның ішінде осы процестерді автоматтандыруды, тапсырмалардың көлемі мен сипатын, оның ішінде 1-3 күндік орындалу мерзімі бар тапсырмаларды талдауды, сондай-ақ «икемді жұмыс кестесі» режимін енгізу жөнінде ұсынымдар әзірледі.
Отырыста Ұлттық экономика министрлігі Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Әдеп жөніндегі уәкілінің ақпараты тыңдалды.
Әдеп жөніндегі уәкілді тыңдауға жоғарыда аталған комитетте жоспардан тыс тексеру қорытындысы бойынша анықталған мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама нормаларының бұзылуы негіз болды.
Комитеттің қызметкері – көп балалы ана үстеме жұмысқа заңсыз тартылғаны анықталды. Өз балаларының жиі ауыруына байланысты мемлекеттік қызметші үш жасқа дейінгі балаларды күту демалысына өтініш жазуға мәжбүр болды. Алайда, оған әлеуметтік демалыс беру туралы бұйрықпен танысудан бас тартылды.
Осы жағдайлар көп балалы ананы Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне өтініш жазуға мәжбүр етті.
Қазіргі уақытта Мемлекеттік қызмет істері агенттігі қажетті шаралар қабылдады және мемлекеттік қызметшінің құқықтары толық қалпына келтірілді.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ШАХМАРДАН ЕСЕНОВКЕ 100 ЖЫЛ

ШАХМАРДАН ЕСЕНОВКЕ 100 ЖЫЛ

Айғақ медиа
26.05.2026
0

Шымкентте Геология саласының майталманы Есеновты еске алды. Қазақтың көрнекті ғалымы, мемлекет және қоғам қайраткеріне биыл 100 жыл. Осыған орай өткен...

ТӘУЕЛДІЛІККЕ ТОСҚАУЫЛ

ТӘУЕЛДІЛІККЕ ТОСҚАУЫЛ

Айғақ медиа
26.05.2026
0

Нашақорлық індеті – оны жою міндеті. Жастардың зиянды затқа тәуелділігі әлі де алаңдатарлық деңгейде. Есірткі мәселесі қоғамда өзекті болып отыр....

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНА БИЫЛ 6,8 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНА БИЫЛ 6,8 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

Айғақ медиа
25.05.2026
0

Өндірісі мен инфрақұрылымы дамыған Еңбекші ауданына биыл 6,8 млрд теңге қаржы бөлінді. Қала бойынша инфрақұрылым жағынан алдыңғы қатарда тұрған ауданда...

МАУСЫМДЫҚ КЕЗЕҢГЕ ДАЙЫН БОЛЫҢЫЗ!

МАУСЫМДЫҚ КЕЗЕҢГЕ ДАЙЫН БОЛЫҢЫЗ!

Айғақ медиа
22.05.2026
0

Шаһарда шомылуға рұқсат етілген үш орын бар. Одан өзге жерде суға түскен азаматтарға әкімшілік шара қолданылады. Бұл туралы шомылу маусымындағы...

ҚАРАТАУЛЫҚТАР КӨПТЕН КҮТКЕН ЖАҢАЛЫҚ

ҚАРАТАУЛЫҚТАР КӨПТЕН КҮТКЕН ЖАҢАЛЫҚ

Айғақ медиа
22.05.2026
0

Қаратау ауданының тұрғындары көбіне ирригация мәселесімен бетпе-бет келеді. Жаңбыр жауса, көшеге су толып, жұрт әбігерге түсетін жағдай аз емес. Көп...

ГЛОБУСЫ ГИННЕС КІТАБЫНДАҒЫ АЛТЫН ҰЯ

ГЛОБУСЫ ГИННЕС КІТАБЫНДАҒЫ АЛТЫН ҰЯ

Айғақ медиа
22.05.2026
0

Шымкентте қабырғасынан бастап, дәлізі тарихтан сыр шертетін ерекше білім ұясы бар. №90 мектеп-гимназия. Алтын ұяға кірсеңіз көзіңізге үлкен тайқазан түседі....

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.