Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық әйелдер күніне орай Нұр-Сұлтан қаласында жоспарланған салтанатты жиын мен мерекелік концертті өткізбеу шешім қабылдады. Бұл туралы ол өзінің твиттер парақшасында жазды, — деп хабарлайды «Айғақ-ақпарат» .
«Халықаралық әйелдер күніне орай Нұр-Сұлтан қ. жоспарланған салтанатты жиын мен мерекелік концертті өткізбеу жөнінде шешім қабылдадым. Бұл әлемде коронавирустың таралуына байланысты қауіпсіздік шарасы үшін жасалып отыр.Ардақты аналар мен аруларға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін,» — делінген Президенттің жазбасында.
Халықаралық әйелдер күніне орай Нұр-Сұлтан қ. жоспарланған салтанатты жиын мен мерекелік концертті өткізбеу жөнінде шешім қабылдадым.Бұл әлемде коронавирустың таралуына байланысты қауіпсіздік шарасы үшін жасалып отыр.Ардақты аналар мен аруларға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін.
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) March 2, 2020