«Ризашылық — мейірімділік бұлағы» жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасы жүзеге асуда.
Көктемнің алғашқы күні Шымкент қаласында аталған жоба қорытындыланды. Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің тапсырысы бойынша Елбасының идеяларын жүзеге асыра отырып, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын орындау мақсатында Алғыс айту күніне арналған «Ризашылық — мейірімділік бұлағы» жалпыұлттық мәдени-білім жобасын іске асыруда.
Жобаның мақсаты — толеранттық тәрбиелеу және әртүрлі халықтардың мәдени дәстүрлерін зерттеу арқылы балалардың бойында рухани-адамгершілік дамыту, қазақтардың және барлық этностардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі негізінде көпұлтты Қазақстанның бірлігін сақтау және дамыту.
Жоба іс-шараларды аудандық, оьблыстық деңгейлерде өткізуді қарастырады және балаларды барынша көп жұмылдыруға мүмкіндік береді.
Іс-шараның қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға сертификаттар, жеңімпаздарға дипломдар мен құнды сыйлықтар, жетекшілерге алғыс хаттар берілді.