Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Жетісай ауданында күн электр станциясы іске қосылды
    Айғақ MEDIA

    Жетісай ауданында күн электр станциясы іске қосылды

    Айғақ медиаАйғақ медиа29.02.2020814 Views

    Энергия тапшылығын азайту мақсатында, Жетісай ауданында күн электр стансасы салынып, іске қосылды. Германиялық мердігер компания ірі жобаны жеке қаржысына жүзеге асырды. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев кәсіпорын ашылуына қатысып, шетел инвесторларымен кездесті. Бұрынғы ескі қоқыс полигонының орнынан салынған жобаның құны 2,5 млрд теңгені құрады. 10,7 гектар аумаққа орналасқан күн сәулелі жарық станциясының қуаттылығы 4,8 МВт.

    Шалғай аудан ақсақалдары қуанышты бөлісуге келген облыс әкімін ортаға алып, ақ тілектерін айтты.

    «Көршіміз, Өзбекстан елімен байланыс кеңейіп жатыр. Бұл-ынтымақтастықтың берік көпірі және екі елдің стратегиялық мақсаттары мен ұлттық қызығушылықтарын ілгерілетеді. Мүддеміз бір. Суармалы суға қатысты жағдай қалыпты. Бауырлас халықтар ғасырлар бойы араласып жатқаннан кейін, тарихи тамырымыздың байланысы да тереңде. Сол себепті қазіргідей жаһандық даму кезінде де ықпалдастықты күшейте түсуіміз орынды»,-деді облыс басшысы аудан ардагерлерімен кездесу барысында.

    Облыс басшысы Жетісай қаласын дамыту мақсатында кәсіпкерлік нысандар, мектеп, тұрғын үйден салу жоспарланған 80 гектар жерге инженерлік инфрақұрылым жүргізуде орын алған өзекті мәселелермен танысты. Шаһардағы мөлтек аудандарды Абай топтастық су жүйесіне қосу мәселесін талқылады. Салаға жауапты басшыларға нақты тапсырмалар берді.

    Аймақ әкімі жұмыс сапары барысында бетоннан құрылған лашықты паналап жүрген 5 балалы ананың отбасында болды. Отағасы жалдамалы жұмыста. Көпбалалы ана жұмысқа зәру. Баспанаға мұқтаж отбасының мәселесі шешіліп, жергілікті кәсіпкер «Қамқорлық» жобасы аясында қол ұшын созатын болды.

    Сондай-ақ, Өмірзақ Естайұлы Б.Момышұлы атындағы №6 мектеп — гимназиясының ұжымымен кездесті. ҰБТ сынағында еліміздегі ең үлкен көрсеткіштермен көзге түскен білім ұясынан соңғы 15 жылда 320 «Алтын белгі» иегері шыққан. Былтыр мектептің 64 түлегі 100% мемлекеттік грант иегері атанды. Мектептің екі оқушысы ҰБТ сынағында 139 балл жинады. Үлгілі мектеп ғимараты күрделі жөндеуді қажет етеді. Облыс әкімі мәселенің оңтайлы шешілетінін айтты.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.