Шымкент қаласында жалпықалалық сенбілік өтті. Қала әкімінің бастамасымен қолға алынған тазалық шарасына мемлекеттік қызметшілер, жоғарғы оқу орындарының студенттері, шахар тұрғындары мен еріктілер қатысты. Жалпы, мегаполиске бұл күні 5 мың 500 дана ағаш көшеттері отырғызылды.
Тазалық шарасына қатысушылар жол бойындағы жасыл аймақтарды, саябақтар мен демалыс орындарын, арық-атыздар және жаяу жүргіншілер жолдарын қоқыстардан тазартып, ағаш түптерін әктеді. Сенбілік барысында Назарбаев даңғылы мен Арғынбеков даңғылының бойына да көшеттер отырғызылды. Айта кетейік, жалпықалалық сенбілікке 50 мыңнан аса тұрғын атсалысып, 40 дана техника жұмылдырылды.