Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Түркістан: Басқарма басшылары мен бас дәрігерлер темір тордың арғы жағындағы тәртіппен танысты
    Айғақ MEDIA

    Түркістан: Басқарма басшылары мен бас дәрігерлер темір тордың арғы жағындағы тәртіппен танысты

    Айғақ медиаАйғақ медиа28.02.2020399 Views

    Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен лауазымды тұлғаларды бас бостандығынан айыру мекемесінің тәртібімен таныстыру жұмыстары жүйелі жалғасуда.

    Бүгін облыстық әкімдіккке қарасты басқарма басшылары мен облыстық қоғамдық денсаулық басқармасына қарасты барлық медициналық мекемелердің бас дәрігерлері темір тордың арғы жағындағы қатаң тәртіппен танысып, жаза басқан жандардың түзету мекемесіндегі күйбең тіршілігін көзбен көріп қайтты.
    Жыл басынан бастау алған бұл науқанның негізгі мақсаты — оңай олжаға құнығып, опық жегендердің жай-күйі мен тар қапастағы тіршілігімен таныстыру арқылы өңірдегі құзіреттілігі жоғары қызметкерлердің жемқорлыққа қарсы берік иммунитетін қалыптастыру.

    Жалпы саны 70-ке жуық басқарма басшылары мен бас дәрігерлер Шымкент қаласында орналасқан ИЧ-167/11 мекемесіне бас сұғып, жазасын өтеуші азаматтардың өмір сүру жағдайы мен түзеу мекемесіндегі ішкі тәртіптің қатаңдығын, сотталушының төсек орны мен цех, асхана, аула сынды аймақтарын көріп шықты.
    Бас бостандығынан айыру мекемесінің таныстыру барысында жемқорлық тәуекелінің алдын алуды мақсат еткен ұйымдастырушылар лауазымды тұлғаларға құлқынның құлы болудан аулақ болуға шақырып, қызмет бабын асыра пайдаланушылардың соңы ауыр жазаға әкеліп соғатынын жеткізді.

    Бас бостандықтың бағасын ұқтырған науқан соңында мұздай қара құлып пен тікенді темір торды өз көздерімен көрген азаматтар жақынынан жырақ күн кешкендердің қателіктерін қайталамау қажеттігін түсінді.
    Айта кетсек, бұл науқан Түркістан өңірінде жыл соңына дейін жүйелі түрде жүргізілетін болады.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.