Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Келес ауданында жол жөндеу жұмыстары жандануда
    Айғақ MEDIA

    Келес ауданында жол жөндеу жұмыстары жандануда

    Айғақ медиаАйғақ медиа28.02.20201 064 Views

    Келес ауданы өз алдына отау құрғалы қарқынды дамып келеді. Жаңа мекемелер ашылып, жұмыс орындары ашылуда. Ауданда басым бағыт қарқынды  индустриализацияға берілген. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Келес ауданының даму жұмыстарымен танысты,  — деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

    Аймақ басшысы жұмыс сапарын аудан аумағынан кесіп өтетін республикалық маңызы бар «Жыззақ – Гагарин – Жетісай – Асықата – Қызыләскер – Сарыағаш – Жібек жолы» автомобиль жолының мәселесін анықтаудан бастады. Былтыр басталған құрылыс жұмыстары бүгінде тоқтап тұр. Облыс басшысы мәселені шұғыл шешіп, құрылыс жұмыстарын жандандыруды тапсырды. Аудан әкімі Ақментай Есбаев қосымша облыстық маңызы бар Абай – Ошақты – Бірлік – Шардара автожолына толықтай жөндеу жұмыстары жүретіндігін баяндады.

    Облыс әкімінің ауданға жасаған сапары «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстармен танысумен жалғасты. Өткен жылы бағдарлама аясында 25 нысан жөндеуден өтіп, жаңартылған. Абай ауылындағы ішкі көшелермен қатар, аудандық «Мәдениет үйі» мен орталық спорт алаңының құрылысы қатар жүрген. Өмірзақ Естайұлы Абай ауылының ортасынан қиып өтетін республикалық жолды қайта құрылымдап, 4 жолақты етіп кеңейтуді жүктеді.

    Жұмыс сапары барысында облыс басшысы жалпы құны 7 млрд. 174 млн. теңгені құрайтын Келес ауданындағы «Қызыләскер» қосалқы стансасының құрылысы» нысанында болды. Екі жыл бұрын басталған нысан құрылысын биылғы жылдың тамыз айында толық аяқтау жоспарланған. Бүгінде қосалқы стансаның құрылысы аяқталып, автотрансформаторларды желіге қосу жұмыстары жүргізілуде. Электр стансасы іске қосылған сәтте, осы аумақтағы 4 ауданның халқы сапалы электр қуатын пайдаланатын болады.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.