Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Бауыржан Байбек жұмыс сапарымен Түркістан облысына келді
    Айғақ MEDIA

    Бауыржан Байбек жұмыс сапарымен Түркістан облысына келді

    Айғақ медиаАйғақ медиа26.02.2020377 Views

    «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің аймақтарға іссапары Түркістан облысында жалғасын тапты, — деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

    Жетекші партия Төрағасының Бірінші орынбасары сапар барысында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевпен бірқатар аудандарды аралап, өңір тұрғындарының мұң-мұқтажын тыңдады. Қордаланған түйіткілдердің оңды шешім табуын тікелей партия бақылауына алатындығын жеткізді

    Отырар ауданындағы Шәуілдір ауылының тұрғындарымен кездесу кезінде Кеңес заманында салынған үйлердің инженерлік инфрақұрылымның тозығы жеткені жайлы айтылды.

    «Елбасының бастамасымен қолға алынған «Ауыл – Ел бесігі» жобасының аясында бүгінде еліміздің шалғай аудандарының түйіткілді мәселелерін шешу бойынша партия жүйелі шаралар әзірлеуде. Отырар ауданындағы Шәуілдір ауылының тұрғындарымен кездестім. Мұнда 300-ден астам отбасы 70-80 жылдары салынған үйлердегі инженерлік инфрақұрылымның тозуы салдарынан жылу беру жүйесінің мардымсыз жұмысына байланысты «Nur Otan» партиясына шағымданған», – деді «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек.

    Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Естайұлы ұзақ жылдардан бері қордаланып келген мәселенің жақын арада шешілетінін айтты. Жергілікті бюджетті нақтылау кезінде жылу жүйелерін салу үшін 700 млн. теңгеден астам қаржы бөлінбек. Негізгі қазандықтың құрылысына қаражат қаралған. Ауыл тұрғындары көтерген мәселені шешу «Nur Otan» партиясының бақылауына алынды.

    Жұмыс сапары барысында Бауыржан Байбек түркістандық зиялы қауым өкілдерімен кездесті. Басқосу барысында әл-Фараби және Абай сынды ойшылдарымыздың мерейтойларын тағлымды деңгейде өткізу жайы қозғалды.

    Бауыржан Байбек өңірге іссапарын Түркістан қаласында жалғастырды. Жетекші партия Төрағасының Бірінші орынбасары «Жастар ресурстық орталығында» түркістандық қоғам белсенділері мен жастармен еркін форматта кездесіп, пікір алмасты. Жиында азаматтық қоғамды дамыту мен жастар саясаты және биылғы еріктілер жылын жүзеге асыру жайлы мәселелер айтылды.

    Сондай-ақ, Бауыржан Қадырғалиұлы Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті мәдениет сарайында «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы Төрағасының Бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев пен еліміздің Бас партиясының аудандық филиал төрағаларының қатысуымен жиналыс өткізді.

    Еске сала кетейік, Елбасы тапсырмасы бойынша «Nur Otan» партиясы бірнеше айдан бері Үкіметпен және өңірлік филиалдармен бірлесе отырып, алдағы 5 жылға аудандарды, қалаларды және облыстарды дамытудың жаңа бағдарламасын әзірлеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Аталған бағдарламаларда әрбір жекелеген өңірдің жергілікті ерекшеліктері ескеріліп, азаматтардың нақты қажеттіліктері көрініс табатын болады. Осы жұмыстардың аясында «Nur Otan» партиясының басшылығы еліміздің барлық өңірін, тіпті шалғай елді мекендеріне дейін аралап шығады.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.