Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ TV»«Қамқорлық» жобасына ақтөбеліктер де үлес қосты
    Айғақ TV

    «Қамқорлық» жобасына ақтөбеліктер де үлес қосты

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа26.02.2020Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    «Қамқорлық» жобасы елімізде етек жая бастады. Үлгі аларлық шараға өзіндік үлесін қосқан Ақтөбе облысының тұрғыны Гүлбарам Қабыланқызы Жетісай ауданына арнайы келіп қайырымдылық жасады, — деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

    «Ұлтымыздың жақсы қасиеттерінің асылы-жомарттық, кең пейілділік. Түркістан облысында «Қамқорлық» бағдарламасының барын естіп, аз да болса мұқтаж жандарға көмегім болсын, деп шештім. Бүгін бар дүние ертең жоқ. Балаларымның бәрі қолдады», – дейді ақ жаулықты ана.

    Үлкен шаңырақтың отанасы ауылдағы мұқтаж жандарға екі бас ірі қара сойып 30-ға жуық отбасына таратты. Одан бөлек Жетісай қаласы мен Асық-ата кентінде орналасқан балаларға арналған екі оңалту орталығының төсек-орнын түгелдей жаңартып, қажетті тұрмыс жиһаздарын сыйға тартты.

    Сондай-ақ, бағдарлама аясында тағы бір шаңырақ шаттыққа бөленді. Созақ ауданы, Құмкент ауылдық округіне қарасты Қызылкөл елді мекенінің тұрғыны Шегебай Сарыбаевқа ауылдасы, жеке кәсіпкер Сәкен Әшірметов көлемі 120 шаршы метр болатын 6 бөлмелі үй алып беріп, мұқтаж жанды қуантты. Жақында зейнетке шыққан ақсақалдың отбасындағы алты жан жылдар бойы дым тартқан аядай ғана бөлмені паналап келген. Осыны ескерген аудан әкімдігі «Қамқорлық» жобасы аясында демеуші тауып, жанұяның баспаналы болуына қолғабыс етті.

    Өзгелерге үлгі етерлік ерекше бағдарлама Nur Otan партиясының бастамасымен жүзеге асып, өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларды кедейлік деңгейінен шығуға ұмтылдырады. Тұрмыстық жағдайы тым төмен деңгейде өмір сүріп жатқан 7 мыңға жуық адам, яғни, 1643 отбасы жан-жақты көмекпен қамтылуда. Бағдарлама билік пен қоғам арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға сеп болғаны анық.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.