Төлеби ауданындағы Жыланбұзған мектебінде 9 ақпан күні қатты жел соғып, салдарынан мектептің шатыры ұшып кеткен болатын. Абырой болғанда, жексенбі күні орын алған оқыс оқиға оқытушылар мен оқушыларға зиян келтірмеген. Бұл білім ордасында орын алған төтенше жағдай мектептің ішкі құрылысына да зардап тигізді. Осы мекеменің құрылыс жұмысын «Қаржантау» мердігер компаниясы қолға алған.
Аталған мердігер компания мектептің шатырымен қоса, ішкі жұмыстарды аяқтауды 10 күннің ішінде бітіруге уәде еткен. Қазіргі таңда, құрылыс жұмысы толық аяқталып, оқушылардың қайтадан өз мектебінен білім алуына мүмкіндік туды.