Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Түркістан: «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 6 мыңға жуық шара өткен
    Айғақ MEDIA

    Түркістан: «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 6 мыңға жуық шара өткен

    Айғақ медиаАйғақ медиа25.02.20201 473 Views

        Түркістан облысында өткен жылы «Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» мақалалары аясында 5 872 іс-шара ұйымдастырылып, 376 639 адам қамтылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық «Рухани жаңғыру» Жобалық кеңсесінің жетекшісі Ғалымжан Шындалы мәлімдеді.

    Оның айтуынша, «Туған жер» арнайы жобасы аясында 100 нысан қамтылған.
    «Туған жер» жобасы аясында жүзеге асқан 100 нысанның арасында 11 мектеп, 8 балабақша, 7 мәдениет нысаны, 16 спорт алаңшасы, 4 медициналық мекеме және 54 өзге де нысан бар. Оның ішінде 66 нысан салынып, 34 нысан қайта жөндеуден өтті. Сонымен қатар, қайырымдылық көмек көрсету бойынша облыста «Алтын ұям» жобасы іске асырылды. Жобаның мақсаты — мектеп түлектерінің 10, 20, 30 жылдық мерейтойларында сән-салтанаттың орнына білім алған мектебіне, туған ауылына көмек көрсету. Сондай-ақ, тұрмысы төмен отбасыларға баспана, түрлі нысандар салып беруге үлес қосады», — деді Ғалымжан Ғабитұлы.
     Бұдан өзге, «Қазақстанның сакралдық географиясы» арнайы жобасы аясында облыстың танымал 20 табиғи және тарихи нысанына, сондай-ақ «Тарихи-өлкетану мұражайының» 100 экспонатына ақпараттық QR-тақтайшалар орнатылды. Облыс көлемінде 154 сакралды нысан анықталса, оның ішінде 100 нысанға туристік маршруттар тізіміне енгізілген.
    «Түркістан облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2020 жылға арналған іс-шаралардың жоспары дайындалып, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен келісілді. Биылғы жылға арналған іс-шаралар жоспары Бағдарламаның негізгі басымдықтарын негізге ала отырып, 3 бағыттан тұрады. Олар: Тұлғаны дамыту; Ұлттың дамуы, халықаралық позициялау; Мемлекеттің, азаматтық қоғамның, жергілікті қоғамдастықтардың дамуы», — деп мәлімдеді кеңсе жетекшісі.
    Сонымен қатар, Түркістан облысының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөніндегі Сараптамалық кеңестің 2020 жылға арналған жұмыс жоспары құрылды. Облыстағы 16 аудан, қалада өңірлік «Рухани жаңғыру» кеңселері құрылып, қазіргі таңда барлық аудан, қалада жұмыс істейді.
    Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.