Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Түркістан облысында 1,1 миллион тұрғын газбен қамтылған
    Айғақ MEDIA

    Түркістан облысында 1,1 миллион тұрғын газбен қамтылған

    Айғақ медиаАйғақ медиа21.02.2020280 Views

    Түркістан облысында өткен жылдың қорытындысы бойынша 1,1 млн. халық, жалпы өңір тұрғындардың 56,7%-ы табиғи газбен қамтылды. 2020 жылы 25 нысанның құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Биыл облыс бойынша 21 нысанның құрылысы аяқталып, 154 мың тұрғын табиғи газбен қамтылады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық Энергетика жəне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Игорь Алексеев мәлімдеді,-деп хабарлайды Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

    Оның айтуынша, биыл облыс бойынша жалпы 423 елді мекен немесе 1,2 млн халық /64,4 %/ табиғи газбен қамтамасыз етілетін болады.


    «Облыс орталығы Түркістан қаласының тұрғындары биыл 50 пайыз газбен қамтылса, 2021 жылы толық барлық үйлер мен ғимараттарға көгілдір отын кіретін болады. Облыс әкімдігімен «Түркістан облысын газбен қамтамасыз етудің іс-шара жоспары» бекітілген. Жоспарға сәйкес, 2026 жылға дейін облыс елді мекендерін 100% газбен қамтамасыз ету жоспарлануда», — деді басқарма басшысы.

    2019 жылы электрмен қамтамасыз ету саласы бойынша жылдың қорытындысымен облыста 10 мың халық тұратын 4 елді мекенде құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға тапсырылды.
    Ал ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында су құбыры мүлдем жоқ 40 мың халық тұратын 43 елді мекенге жаңа ауыз су құбырлары салынып, 12 елді мекеннің тозығы жеткен ауыз су жүйелері жаңартылды. Нәтижесінде, ауыз сумен қамту деңгейі 80%-ды құрап, 671 елді мекен таза ауыз су пайдалануда.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.