Бүгін БАҚ өкілдерінің қатысуымен Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов А-2 «Алматы – Ташкент – Термез» және Темірлан тас жолы қиылысындағы (Бекжан базары) жол айрығының оң жақ өткелдерін қайта құру құрылысымен танысуда. Маңызды жол өз кезегінде халықаралық қатынасты дамытуға мүмкіндік берсе, кептеліс дауынан қашуға жағдай жасады.
Одан әрі шаһар басшысы Темірлан тас жолы – Мангелдин көшелері қиылысындағы жер үсті жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысымен және
Қонаев даңғылының жалғасқан құрылыс жұмыстарымен де арнайы таныспақ.