Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Әлеумет»Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі тәулік бойы өз клиенттеріне WhatsApp чат-ботының көмегімен қызмет көрсетеді
    Әлеумет

    Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі тәулік бойы өз клиенттеріне WhatsApp чат-ботының көмегімен қызмет көрсетеді

    Айғақ медиаАйғақ медиа18.02.2020712 Views

    Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің WhatsApp Business каналы банктің қолдау қызметімен байланысудың альтернативті тәсілі ретінде тұтынушылар арасында кеңінен танылуда. Чат-бот 2019 жылдың қараша айында Infobip бизнесі үшін коммуникациялық платформаның көмегімен іске қосылды. Сөйтіп, 3 ай ішінде 350 000 тұтынушының хабарламаларын өңдеді. Оның 17 000-ы бірегей тұтынушылар. Автоматтандырылған сандық көмекшінің қызметін күн сайын тәулігіне 24 сағат бойы пайдалануға болады. Ол үшін +7 705 925 13 00 нөмірін телефоныңызға тіркеп қоюыңыз керек.

    WhatsApp Business коммуникациялық каналын қосудың басты себебі – банк тарапынан клиенттердің жылы шырайлығын арттырып, тәжірибелерін жақсартуға тырысу. Роумингтегі тариф бағасының қымбаттығынан көбінесе шетелде жүрген банк клиенттерінің телефон арқылы қажетті мәселелерді шешуге мүмкіндігі жоқ. WhatsApp арқылы әлемнің кез-келген жерінен қалаған уақытта Wi-Fi желісіне қосылу арқылы байланыс-орталығымен хабарласуға болады. WhatsApp каналы клиенттер қаражатын үнемдеп қана қоймай, сонымен қатар, байланыс-орталығының дауыстық қоңырау шалу қызметіне кететін шығындарды азайтады. Банк телефон арқылы сөйлесуге орташа есеппен алғанда 56-59 ₸ жұмсайды. Ал WhatsApp Business каналында тек банк тарапынан жіберілетін қалыпты хабарламаларға ғана баға белгіленеді. Тұтынушылардан келіп түсетін сұрақтарға банк операторлары тегін жауап береді. Осылайша, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі клиенттерді қолдаудың жаңа каналы байланыс-орталығындағы байланыс шығындарын 10-15%-ға азайтуға жол ашады.

    «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылар базасы жыл сайын өсуде. Қазіргі сәтте бізге 1,5 млн. қазақстандық сенім артуда. Соңғы 3 жыл ішінде банкте 730 мың депозит ашылды. Баспана сатып алу үшін берілетін несие саны да жыл сайын артып келеді. 2019 жылдың қорытындысы бойынша банк 50 000 займ берді. Бұл біз үшін рекордтық көрсеткіш. Бүгінде қызметкерлер санын ұлғайтпастан, күннен күнге артып келе жатқан клиенттерімізге қызмет көрсетуде заманауи технологиялардың алар орны үлкен. Соның нәтижесінде салымшыларымызға қысқа мерзім ішінде сапалы қызмет ұсынылуда», — деп атап өтті Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.

    Жаңа сандық көмекшінің аты — Қуаныш. Қазіргі кезде ол банктің өнімдері мен қызметтері жөнінде анықтамалық-консультациялық ақпараттарды береді. Бұл каналға байланыс-орталығының операторлары жетекшілік етеді. Қажет жағдайда аталған сервис сізді банк қызметкерімен байланысқа қосады. Операторлар жұмыс күндері сағат 09:00-ден бастап 18:00-ге дейін қызмет көрсетеді. Ал қалған уақытта чат-бот байланысқа шығады. Осылайша, банк клиенттері тәулік бойы өзіне қажетті мәліметтерді ала алады.

    «Біз қазіргі заманғы тұтынушылардың қажеттілігін толықтай қанағаттандыру үшін бизнес-процесстерді автоматтандыруға көмектесе отырып, клиенттерімізге өз

    сараптамамызды ұсынып отырғанымызға қуаныштымыз. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі секілді ірі компаниялардың бізді «Қызмет көрсетуші» ретінде таңдауы Infobip сервисі сапасының жоғары екендігін көрсетеді», — дейді Infobip Россия басқарма директоры Руслан Резников.

    Алдағы үш жыл ішінде Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі қызметінің 70%-ы онлайн түрде көрсетілмек. Осы мақсатқа жету үшін банк жоспарлы түрде өз сервистерін дамытуда. Виртуалды көмекшімен бірге, сондай-ақ, банк кеңесшілері арқылы алдын-ала банктік іріктеу қызметі ендірілді. Енді банк салымшылары қашықтықтан тек депозит ашып қана қоймай, сонымен қатар, несиеге қатысты өз мүмкіндіктерін есептей де алады. Клиенттер өзіне ыңғайлы уақытта және кез-келген жерге банк кеңесшісін шақыртуына болады. Олар салымшының төлем қабілеттілігін есептеп, алдын-ала келісілген несие сомасы көрсетілген сертификатты береді. Банк, сондай-ақ, чат-бот қызметін дамытуды жоспарлауда. Жуық арада клиенттер WhatsApp арқылы жинаған қаражаттарының және займ бойынша қарыздарының мөлшерін біле алады. Бұған қоса, депозиттерін толтырып, несиелерін өтейтін болады.

    «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ туралы

    «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ — еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын бірден-бір банк. Ұйым Еуропалық құрылыс жинақ кассалары федерациясына (ЕҚЖКФ) және Халықаралық тұрғын үйді қаржыландыру одағына кіреді. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің жалғыз акционері – «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ.

    Infobip компаниясы туралы — Бизнеске арналған коммуникациялық платформа. Ол кез-келген канал, құрал арқылы әлемнің кез-келген жеріне кез-келген уақытта хабарлама жеткізуге мүмкіндік береді. Infobip технологиясы мобильді каналдар арқылы бизнес пен адамдар арасындағы көрінбес көпір іспеттес. 11 жыл ішінде Infobip 6 континентті қамтып, өзінің 60 кеңсесін ашты. Хабарламаларды жібері үшін жеке платформасын жасап шығарды. Ол, сондай-ақ, 6 млрд мобильдік құрылғыларға хабарлама жіберу мүмкіндігін иелене отырып, 190+ елдегі 850 мобильдік операторларымен байланыста.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.