708 қазақстандық сыбайлас жемқорлық туралы хабар бергені үшін 99 миллион теңге алды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
«Соңғы үш жылда 708 адамға 99 миллион теңгеге берілді. Көшбасшы өңірлер — оңтүстік, атап айтқанда Қызылорда, Түркістан және Жамбыл облыстары. Қылмыстың ауырлығына байланысты азаматтарға 40-50 АЕК (2020 жылы 106-132 мың теңге) көлемінде ынталандырылады, бұл жиі кездесетін тәжірибе», — деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің әкімшілік-құқықтық департаментінің бас сарапшысы Ерік Бишібеков.
Оның айтуынша, сыйақы сомасы қылмыстың ауырлығына байланысты есептеледі екен.
«Ескі жүйе бойынша бізде тіркелген сома белгіленген. Орташа ауырлықтағы қылмыстар бойынша сыйақы мөлшері — 40 АЕК. Аса ауыр қылмыстар бойынша 100 АЕК-ке дейін жетуі мүмкін», — деді Серік Бишібеков.
Осыған дейін жаңа жүйе бойынша сыбайлас жемқорлық деректері туралы хабарлаған қазақстандықтар пара сомасының 10 пайызы көлемінде сыйақы алатыны айтылды.