Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Бас ақпарат»ТҮРКІСТАНДА БИЫЛ 15 ЖАҢА НЫСАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
    Бас ақпарат

    ТҮРКІСТАНДА БИЫЛ 15 ЖАҢА НЫСАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа12.02.2020Updated:12.02.2020Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Жалпы Түркістан қаласындағы құрылыстар екі аймаққа бөлінген. Олар: әкімшілік-іскерлік және рухани-мәдени орталық. Аймақтарда қазіргі таңда 15 мәдени-әлеуметтік нысан салынып жатыр. Аталған құрылыстар 2020 жылы толық аяқталады деп жоспарлануда.

    Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметін өткен брифингте облыстық Сәулет және қала құрылысы басқарма басшысының міндетін атқарушы Бақтыбай Дүйсебеков мәлімдеді.
    «Құрылысы жүріп жатқан «Әкімшілік-іскерлік орталықта» 8 нысан бар. Олар: жабық бассейні бар спорт кешені, 7000 орындық стадион, Оқушылар сарайы, Департаменттер үйі, Басқармалар үйі, Конгресс холл, Цифрлық кеңсе, Аттракциондар саябағы. Ал «Рухани-мәдени орталықта» 7 нысан: Яссауи мұражайы, «Ұлы Дала» орталығы, Қолөнер шеберлері орталығын қайта жаңғырту, Ғылыми-әмбебап кітапханасы, Драма театры, Тұңғыш Президенті саябағы, Арбат. Бұдан өзге, «Рухани-мәдени орталығында» «Керуен Сарайының» құрылысы басталды», — деді Бақтыбай Елікұлы.
    Айта кетерлігі, өткен жылы 9 нысан салынды. Олар: Облыс әкімдігінің ғимараты, Қабылдау орталығы, Неке қию сарайы, Халыққа қызмет көрсету орталығы, Амфитеатр, Музыкалық субұрқақ, Музыкалық мектеп, Олимпиадалық резерв мектебі, Шығыс моншасы.
    Сонымен қатар, Түркістан қаласында жеке инвестициялар есебінен туристерге лайықты сервистік қызмет көрсететін «Rixos», «Нұр-Әлем», «Hampton by hilton» атты қонақ үй кешендері бой көтеруде. Аталған нысандардың құрылысын ағымдағы жылы аяқтау жоспарланып отыр.


    Бұдан өзге, Қ.А.Яссауи кесененің буферлік аумағында абаттандыру жұмыстарын аяқтау жоспарлануда. Сондай-ақ, аумағы 20 гектарды құрайтын Б.Саттарханов даңғылы бойындағы желілік саябақтың құрылысы аяқталған.
    Өткен жылы басқарма облыс бойынша аудандық, қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімдері тарапынан 81 253 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Оның ішінде, ҚР аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекен-жайын айқындау бойынша 74 145 анықтама, 2 809 сәулет-жоспарлау тапсырмасы беріліп, 4299 эскиздік жоба келісуден өткізілген.
    Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ҚАЛА ДАМУЫ — КЕҢЕС НАЗАРЫНДА

    06.11.2026

    БАСПАНАМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

    06.11.2026

    ҚОШҚАР АТА ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫ ТАЗАРТЫЛДЫ

    05.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.