Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Әлеумет»Қорғаныс министрлігі Норвегияда қаза тапқан майдангерлерге қатысты сұрау салды
    Әлеумет

    Қорғаныс министрлігі Норвегияда қаза тапқан майдангерлерге қатысты сұрау салды

    Айғақ медиаАйғақ медиа11.02.2020206 Views
    НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Қорғаныс министрлігі РФ Қорғаныс министрлігінің архивіне қазақ жерінен аттанған майдангерлерге қатысты сұрау салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
    Жақында Қазақстанның Қорғаныс министрлігіне Парламент Сенатының депутаттары Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысты депутаттық сауал жолдаған еді. Сенаторлар Норвегия Корольдігінде қаза тапқан Қазақстан жауынгерлерінің туған жерін анықтауды және еліміздің дипломатиялық елшілерімен бірге зерттеу жұмыстарын жүргізуді, анықталған деректерді жастарға патриоттық тәрбие ретінде ақпарат көздерінде таратуды қарастыруды сұраған. Қорғаныс министрлігі депутаттық сауалды қарап, РФ Қорғаныс министрлігінің архивіне Норвегия Корольдігінде сарбаздардың мәйіттер жерленген орындарды анықтау бойынша сұрау салған. Сондай-ақ жергілікті әскери басқару органдары Петсамо-Киркенесск операциясына қатысқандарды, қаза тапқан Қазақстан сарбаздарының саны бойынша мәліметтерді іздестіру жөніндегі жұмысты ұйымдастырып отыр. «Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы қазақстандықтардың тағдырлары туралы мақалаларды қазақстандық және норвегиялық бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау бойынша жұмыс жүргізілуде. Қазақстан жауынгерлерінің жаңа есімдерін анықтау бойынша іздестіру жұмыстарын жүргізу және құжаттарды зерттеу бойынша Қазақстанның зерттеуші ғалымдары Г.М. Меңдіқұловпен, А.Ж. Ғабдуллинмен өзара іс-қимыл жасау ұйымдастырылуда. Жаңа есімдердің табылуына қарай қаза тапқандардың туыстарын іздестіру жұмыстарын жүргізуге, анықталған деректерді жастарға патриоттық тәрбие ретінде ақпарат көздерінде таратуға дайын екенімізді хабарлаймыз», — делінген сенаторларға Қорғаныс министрлігінің берген жауабында. Айта кетсек, Петсамо-Киркенесск операциясы – СССР әскери-теңіз флотының Солтүстік және Карель фронтының вермахт әскеріне жасалған әскери шабуылы. Айқас Финляндияның солтүстігі мен Норвегияның солтүстігінде 1944 жылдың 7 қазаны мен 1 қарашасы аралығында болған.
    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.