Биыл Арыс қаласының «Құрметті азаматы» атағына лайық деп танылған азаматтардың тізімі белгілі болды, — деп хабарлайды «Айғақ-Ақпарат» тілшісі. Олардың жалпы саны — 26.
Жалпы, «Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағы облыстық, (қалалық, аудандық) әкімнің ұсынысымен облыстық (қалалық, аудандық) мәслихаттың шешімімен беріледі. Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын беру – моральдық ынталандырудың, адамның Қазақстан Республикасы, облыс, қала және аудан алдындағы ерекше еңбегін қоғамдық мойындаудың көрінісі болып табылады, сонымен қатар патриоттық сананы тәрбиелеуге, облыс, қала, аудан тарихында тұлғалардың есімдерін қалдыру мақсатына қызмет етеді.
Иә, Арыс қаласы 2019 жылдың 24 маусымында болған төтенше жағдайдан кейін, барша жұрттың қолдауымен айналасы аз уақыттың ішінде қайта қалпына келтірілді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың назарында болған құрылыс жұмыстарына еліміздің барлық облыстары атсалысты.
Үкімет басшысы Асқар Маминның өзі қадағалау жүргізіп, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің шұғыл штабы қара күзге дейін Арыстағы ағайынның тіршілігін түгендеді.
17-ге бөлінген қала секторларындағы ауқымды еңбек көрген көзге айтпаса түсінікті. «Бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып» берекелі бірлікте жасалған ілкімді істің иесін «Құрметі» арқылы құрметтеген әкімдіктің тізімін назарға ұсынайық:
1. Жетписбай Арман Шарипбаевич — «Samruk Kazyna Construction» АҚ басқарма төрағасының орынбасары;
2. Ақтаев Ербол Қарсыбайұлы — Арыс қаласы әкімінің орынбасары;
3. Жазылбек Ұлан Еркінұлы — Павлодар облысы әкімінің орынбасары;
4. Дауылбаев Еркебулан Абилханович — Жамбыл облысы әкімінің орынбасары;
5. Қилыбай Нұрдаулет Игілікұлы — Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары;
6. Байахметов Бакытжан Какенкаджиевич — Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары;
7. Мамыталиев Бауржан Джаймурзынович — Шымкент қаласы әкімінің орынбасары;
8. Федяев Антон Владимирович — Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары;
9. Турлашов Лаззат Махатович — Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары;
10. Садибеков Уласбек — Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі;
11. Суюнчалиев Жасулан Аскарович — Атырау облысы әкімінің кеңесшісі;
12. Сансызбаев Куанышбек Келесбекович — Қарағанды облысы, Жезқазған қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлім басшысы;
13. Әлсеріков Мұхамедиса Әбдрахманұлы — Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы;
14. Құлұшев Төлеген Базарбайұлы — Нұр-Сұлтан қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы;
15. Ахметов Руслан Аманжолович — Нұр-Сұлтан қаласының құрылыс және тұрғын үй саясаты басқармасының басшысы;
16. Сатканов Миржан Мунайдарович — Батыс Қазақстан облысы, Бөрілі ауданының әкімі;
17. Кенжалы Ербол Шаймарданұлы — Ақтөбе облысы құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары;
18. Нурсагатов Нурбол Толегенович — Алматы қаласы құрылыс басқармасының басшысы;
19. Мұратұлы Асқар — Ақмола облысы әкімінің орынбасары;
20. Тасыбаев Әбдірахман Батырбекұлы — Түркістан облысы Қаржы басқармасының басшысы;
21. Абдуллаев Арман Айдарұлы — Түркістан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы;
22. Алексеев Игорь Александрович — Түркістан облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы
23. Усубалиев Токтар Оразович — Түркістан облысы құрылыс басқармасының басшысы;
24. Турысбеков Мухит Сексенбаевич — Түркістан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы
25. Сыдыков Канат Жамалбекович — Түркістан облысы кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары
26. Джаппаркулов Салкен Мауленович — Түркістан облысы сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары
27. Пашимов Марат Орумбасарович — Облыстық клиникалық ауруханасының бас дәрігері