Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Тоқаевтың кеңесшісі министрдің отставкаға кетуін талап етті
    Айғақ MEDIA

    Тоқаевтың кеңесшісі министрдің отставкаға кетуін талап етті

    Айғақ медиаАйғақ медиа30.01.2020189 Views

    Мемлекет басшысының штаттан тыс кеңесшісі Олжас Құдайбергенов зейнетақы жүйесін реформалау жөніндегі жұмыс тобының құрамынан шығып кетті. Экономист кей шенеуніктер отставкаға кетпейінше, жұмыс тобы зейнетақыға қатысты дұрыс шешім қабылдай алмайтынын мәлімдеді, –деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға баспана алу үшін зейнетақы жинағын жұмсауға мүмкіндік беруді қарастыруды тапсырған болатын. Осыдан кейін зейнетақы жүйесін реформалау жөнінде жұмыс тобы құрылды.

    Құдайбергеновтің айтуынша, жұмыс тобы әртүрлі құрамда – еңбек министрлігі деңгейінде және вице-премьер Бердібек Сапарбаев деңгейінде жиналған.

    «Еңбек министрлігі деңгейіндегі кездесулерде қазір ведомствоға қарасты «Еңбек ресурстарын дамыту орталығын» басқаратын экс-министр Тамара Дүйсенова төрағалық етті. Мен бұл кездесулерде министрді бірде бір рет көрген емеспін, сол себепті еңбек министрлігінің ішінде қос билік бар секілді сезіледі. Жалпы, бұрынғы министрлерді қазіргі министрлерге бағынышты ету дұрыс емес, әсіресе, егер қазіргісі бұған дейін бұрынғысының қарамағында болса», – деп жазды Құдайбергенов фейсбуктегі парақшасында.

    Ол Дүйсенова 2013-2018 жылдары еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болғанда, зейнетақы саясатын құруға жауапты болғанын, сол себепті зейнетақы жүйесінің құрдымға кеткеніне моралдық жауапкершілік те толығымен сол кісінің мойнында екенін айтты. Ол министрлікті басқарған кезде жұмыс берушінің қаражаты есебінен жұмысшының пайдасына 5% міндетті зейнетақы жарнасын енгізу ұсынылып, шешім қабылданған.

    Құдайбергенов Тамара Дүйсенова мен Біржан Нұрымбетовтың жұмыс тобы атынан ұсынған шешімін сауатсыз деп атады.  Біріншіден, зейнетақы жинағын пайдалануға тек салымшылардың 1 процентіне ғана рұқсат беру ұсынылған. Ал олардың басым бөлігінің меншігінде баспана онсызда бар, деп жалғастырды ол.

    «Оның үстіне, зейнетақы жүйесін реформалау көзделген жоқ. Яғни, шешімнің таяз екені көрініп тұр. Зейнетақы жүйесінің құрдымға кетуіне жол бергендер өз қызметінде отырған кезде, ешқандай реформа болмайды…Жоғарыда айтылғандарды ескеріп, жұмыс тобының құрамынан шығатынымды мәлімдеймін. Жоғарыда сөз болған адамдар отставкаға кетпейінше, жұмыс тобы дұрыс шешім таба алмайды. Ескі жүйе сақталса, жаңа шешімді қалай табуға болады? Мемлекеттік басқару жүйесі кадрларды жаңартуды талап етеді. Соған қарағанда, оны еңбек министрлігінен бастау қажет», – деп жазды ол.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.