Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Түркістан: 7 мыңға жуық адамға «Қамқорлық» аясында көмек көрсетіледі
    Айғақ MEDIA

    Түркістан: 7 мыңға жуық адамға «Қамқорлық» аясында көмек көрсетіледі

    Айғақ медиаАйғақ медиа29.01.2020263 Views

    Түркістан облысында 500-ге жуық отбасы «Қамқорлық» кешенді бағдарламасы бойынша жан-жақты көмек алды. Жалпы, өмірлік қиын жағдайдағы жандарға қосымша әлеуметтік қолдау көрсетудегі жаңа жоба аясында 1534 отбасына, яғни, 6643 адамға көмек көрсетілмек. Бұл мақсатта жергілікті бюджет арқылы 1,6 млрд. теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсету қарастырылуда. Осы және өзге де маңызды мәселелер облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен лездемелік мәжілісте қаралды.


    Аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге асырыла бастаған жаңа бағдарлама аясында тұрмыс тауқыметін тартқан жандарды қажетті азық-түлікпен қамту, медициналық жәрдем беру, тұрақты жұмысқа орналастырып, мамандығы жоқ азаматтарды қайта оқу курстарына жолдама беру, баспанамен қамту мәселесін демеушілерді тарта отырып шешу көзделген.


    Аталған шараға жергілікті атқарушы орган өкілдері, аудандық мәслихат депутаттары мен «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы бастаған бастауыш партия ұйымдарының жетекшілері және жеке кәсіпкерлер қатысуда. Аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес, олар әр үйді жеке аралап, жағдаймен танысуды жалғастырады.


    «Елдігімізді көрсетуіміз керек. Бұл шараны жүйелі түрде, тұрақты түрде жүзеге асып отыру қажет. Әр әкім өзі жүріп, нағыз көмекке зәру отбасын анықтап, олармен тығыз байланыста болсын. Қазіргі тізіммен тоқтап қалмайық. Осы отбасыларға «аяғынан тұрып кететіндей» жағдай жасап, көмекті нағыз қажет ететін жандардың әрқайсысына жеткізу керек», – деді Өмірзақ Естайұлы мәжіліс отырысында.
    Аппарат мәжілісінде Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойын, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын, Алтын Орданың 750 жылдық мерекесін Түркістан облысында атап өту бойынша жоспарлар талқыланды. Бұл мақсатта өңірде 350-ден астам шара өткізу көзделген. Мерейтойлар аясында әлемнің түкпір-түкпірінен келген ғалымдардың басын қосқан конференциялар ұйымдастыру, бірқатар халықаралық экспедициялар мен қазба жұмыстарын өткізіп сенсациялық жаңалықтар ашу күтілуде.
    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.