Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Полицейлер ақ түтек боранда адасқан жүргізушілерді тапты
    Айғақ MEDIA

    Полицейлер ақ түтек боранда адасқан жүргізушілерді тапты

    Айғақ медиаАйғақ медиа29.01.2020436 Views

    Ақ түтік боранда адасып қалған 3 жүргізуші бірнеше тәуліктен соң табылды.

    Созақ АПБ-не 26 қаңтар күні Шымкент қаласының тұрғыны хабарласып, Қарағандыдан Түркістан облысы арқылы ауыр жүк көлігімен келе жатқан ағасымен хабарласа алмай, байланыс жоғалтқандығын айтып арызданады. Созақ АПБ-нің полицейлері арызды қабылдап, бірден іздестіру жұмыстарына кіріседі. Арызданған азаматтың ағасымен бірге тағы да ауыр жүк көліктерімен жолға шыққан екі ер азаматтың бар екендігі де белгілі болады, деп хабарлайды ТО ПД-нің баспасөз қызметі.

    Созақ АПБ-нің полиция қызметкерлері ауа райының күрт нашарлағандығын ескере отырып, Төтенше жағдайлар қызметінің қызметкері, ерікті деген жергілікті тұрғындармен жол талғамайтын көліктерге мініп, боранды күні адасып қалған жүргізушілерді іздеп табуға жолға шығады.

    Осылайша тиянақты жүргізілген іздестіру жұмыстарының нәтижесінде 3 ауыр жүк көлігінің жүргізушілері Созақ ауданының Бетпақдаласынан табылды. Белгілі болғандай олар Қарағандыдан Созақтағы төте жолдар арқылы Шымкенттегі үйлеріне  уақыт үнемдеп тезірек жетпекші болған.

    Алайда ауа-райы өзгеріп, қалыңдап жауған қар мен ақ түтік боранның әсерінен келе жатқан жолдарынан адасып, көліктерімен омбы қарға батып қалған.

    Көмекке келген полиция қызметкерлері жолға шығардан бұрын жүк көліктеріне керекті 400 литрдей дизель жанармайы  және азық-түліктермен қамданып алған болатын. Жүргізушілер табыла салысымен оларға азықтар үлестіріліп, қажетті деген көмектер көрсетілді. Үш жүк көлігіне де қажетінше жанармай құйылып, жолға шығуға дайын болды.

    Өз кезегінде аязда адасып қалған үш ер азамат та шексіз алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді.


    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.