Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»Түркістан облысында қалың қар түсуіне байланысты 3 асу жабылды.
    Айғақ MEDIA

    Түркістан облысында қалың қар түсуіне байланысты 3 асу жабылды.

    Айғақ медиаАйғақ медиа28.01.2020831 Views

    Дәл қазір еліміздің бірқатар облыстарында ызғарлы қыс маусымы қаһарына мініп тұр. Яғни қаңтар айының соңында бірқатар аймақтарда күн райы күрт суытып  маңызды асуларға қалың қар түсті.

    Бұл ретте Түркістан облысындағы үш бірдей асуда кешеден бері жол қозғалысы тоқтатылса, «Оңтүстік»  жолдары мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының арнайы техникалары мен жұмысшылары бұл аймақтарда үзіліссіз қар тазарту жұмыстарымен айналысуда. Айта кету керек дәл қазір жабылып тұрған  Бәйдібек ауданының «Қошқарата — Жарықбас – Бірлік» бағытындағы  «Шыбықбел» асуында да төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары қарқынды жүргізілуде.

    Осы орайда 27 қаңтар күні аталмыш бағыттағы жолдың 100-ші шақырымынан бастап 120 шақырымы аралығында көлік қозғалысы уақытша тоқтатылса, осы аумаққк келіп үлгеркен көліктер кері қайтарылған. Ал Шыбықбел асуының дәл түбіне келіп боранмен ұйытқыған қалың қар құрсауында қалған бірді-екілі жеңіл автокөліктерді «Оңтүстік»  жолдары мекемесінің техникалары шығарып алуда. Сонымен бірге ос аумақта орналасқан арнайы жылыту бекетіне кешегі боранда көліктері жолда қалып қойған төрт жолаушы түнеп шыққан.

    Қазіргі таңда бұл күрделі асу бойында қар тазалаушы мекеме қызметкерлерінен өзге Бәйдібек ауданы әкімінің орынбасары мен жергілікті төтенше жағдайлар қызметінің мамандары да жүр. Олар бірлескен түрде асудағы ахуалды түзеп қауіпсіздік сақтау мақсатында жолаушыларға жабық деп хабарлама келген жолдармен жүрмеуді ескертеді. Бүгінгі таңда Шыбықбел асуын қар құрсауынан тазарту жұмыстары аяқталуға таяса «Жамбыл- Құмкент —  Шолаққорған» бағытының 52-ші және 72 шақырымдары аралығындағы  «Ащысай» асуы да үскірік боранға байланысты жабылып отыр. Оған қоса облыстық маңызға ие  «Ұланбел – Созақ – Екпінді» жолының да 577 ден 643 шақырымдары бүгін түс қайта жабылып мамандар тәулік бойына асу бойын қардан тазарту жұмыстарын жүзеге асыруда.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.