121 596 адамды құрайтын Ордабасы ауданы бүгінде Қазақстандағы өндіріс кәсіпкерлігі бойынша 4 орында. Аудан есебіне бөлінген 79 млярд қаржының 24 пайызы өнеркәсіп саласын құрайды екен. Ордабасы ауданы әкімінің 2019 жылдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп беруінде, ауыл шаруашылығы соның ішінде мал шаруашылығында ірі-қара, жылқы, ешкі саны былтырғы жылмен салыстырғанда біршама пайызға өсіп, түйе мен құс саны азайғандығын баяндады.
Халықпен өткізілген жиын барысында жан жақты мәселе көтерілді. Бірі мектептегі оқушылардың құқық бұзушылықтары болса, енді бірі Орда ауылына ауыз су мен жол мәселесі шешімін таппағандағы жөнінде уәжін айтты.
