Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»ТҮРКІСТАН: РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ АҚПАРАТТЫҚ – ҮГІТ НАСИХАТ ТОБЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ ОБЛЫС АКТИВІМЕН КЕЗДЕСТІ
    Айғақ MEDIA

    ТҮРКІСТАН: РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ АҚПАРАТТЫҚ – ҮГІТ НАСИХАТ ТОБЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ ОБЛЫС АКТИВІМЕН КЕЗДЕСТІ

    Айғақ медиаАйғақ медиа27.01.2020226 Views

    Бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жанынан құрылған республикалық ақпараттық үгіт-насихат Штабының мүшелері Түркістан облысына арнайы келіп, өңір жұртшылығына ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
    Рухани мекенге табан тіреген Штаб мүшелері, ең алдымен облыс активімен кездесіп, ақпараттық-ағарту штабын құрудың қоғам алдындағы маңыздылығын түсіндірді.


    Адалдық қағидаттары кең көлемде дәріптелген келелі жиынға облыс әкімінің орынбасары С.Қалқаманов, Республикалық үгіт- насихат штабының мүшесі, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өкілі А.Бердалин, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің басшысы Х.Көшқалиев, сондай-ақ облыстық мәслихат депутаттары мен басқарма басшылары, сондай Арнайы мониторингтік топтың мүшелері қатысты.
    Кездесу барысында ел ішімен етене араласып, халық үніне құлақ түруді көздеген Агенттік өкілі А.Бердалин мемлекетіміздің бәсекелестік қабілетін бәсеңдетіп, ел экономикасын тұралататын қауіпті дертке қоғам болып қарсы күрес жүргізудің қажеттілігін атап өтті.
    Сондай-ақ, парасаттылық – ашық әрі адал қоғамды қалыптастыруға негіз болатын құнды қасиет екенін жіті түсіндіріп, атадан қалған асыл құндылықтарды дәріптеу арқылы әлеуметтік кеселдің алдын алу – бүгінгі күннің басты талабы екенін тілге тиек етті.


    Ашық диалогтық форматта өрбіген ағартушылық жиында С.Қалқаманов сөз алып, игілікті іске құрылған үгіт-насихат Штабының мемлекет алдындағы маңыздылығын айрықша атап өтті.
    Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған баянды бастаманың ұлттық құндылықтармен сабақтасып жатқандығын аңғарған жиынға қатысушылар Агенттіктен арнайы келген қонаққа өз сұрақтарын қойып, нақты жауап алды.
    Айта кетсек, өткен жылдың қараша айында өз жұмысын бастаған республикалық ақпараттық-ағарту Штабының Түркістан облысындағы мүшелері де облысқа қарасты аудан-қала тұрғындарымен жүзбе-жүз кездесіп, бүгінгі күні түсіндіру әрі насихаттау жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп келеді.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.